https://sputnik.kz/20220827/otemaqy-qorynan-aqsha-qalay-beriledi-27094405.html
Өтемақы қорынан ақша қалай беріледі
Өтемақы қорынан ақша қалай беріледі
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2020 жылдан бастап қылмыстан зардап шеккен адамдарға өтемақы төленеді. Ол үшін арнайы қор бар. Материалдық және... 27.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-27T13:00+0500
2022-08-27T13:00+0500
2022-08-27T13:00+0500
қоғам
өтемақы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_0:0:2560:1440_1920x0_80_0_0_4e0a45f1630fd79b2d01f6f9d450cfc1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2020 жылдан бастап қылмыстан зардап шеккен адамдарға өтемақы төленеді. Ол үшін арнайы қор бар. Материалдық және моральдық шығын өтелмесе, қордан ақша алуға болады. Sputnik Қазақстан жәбірленушілердің өтемақы қорынан төлемдер жасау тәртібін ұсынады. Заңға сәйкес, қылмыс жасаған адамдар өтемақы қорына мәжбүрлі түрде ақша аударады. Соның есебінен олардың әрекетінен зардап шеккендер емдеу, оңалту және тағы басқа мақсатта бір реттік материалдық көмек ала алады. Қылмыстық кодекстің 46-бабында 124 қылмыс бойынша өтемақы төлеу қарастырылған. Олар: Өтемақы жәбірленушіні әлеуметтік қолдауға арналған біржолғы төлем түрінде болып саналады. Оның мөлшері қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануына қарай 30-50 айлық есептік көрсеткішті (91 890 – 153 150 теңгені) құрайды. Өтемақы тағайындау туралы өтінішті жәбірленуші деп танылған күннен бастап 3 жылдың ішінде беруге болады. Құжаттар тергеуші беріледі. Олар: Осы орайда маңызды бірнеше мәселені ескеру керек. Біріншіден, зардап шегуші кінәліден толық залалды одан әрі өндіріп алу мүмкіндігінен айырылмайды. Екіншіден, өтемақы тек 2020 жылдың 1 шілдесінен кейін жасалған қылмыстар үшін ғана төленеді. Ал кінәлі адам жәбірленушіге келтірген зиянды толық көлемде өтеп берсе, қордан төлем берілмеуі мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_320:0:2240:1440_1920x0_80_0_0_96ca798226e0d3a4e4e96593d151facf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өтемақы
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2020 жылдан бастап қылмыстан зардап шеккен адамдарға өтемақы төленеді. Ол үшін арнайы қор бар. Материалдық және моральдық шығын өтелмесе, қордан ақша алуға болады.
Sputnik Қазақстан жәбірленушілердің өтемақы қорынан төлемдер жасау тәртібін ұсынады. Заңға сәйкес, қылмыс жасаған адамдар өтемақы қорына мәжбүрлі түрде ақша аударады. Соның есебінен олардың әрекетінен зардап шеккендер емдеу, оңалту және тағы басқа мақсатта бір реттік материалдық көмек ала алады.
Қылмыстық кодекстің 46-бабында 124 қылмыс бойынша өтемақы төлеу қарастырылған.
жыныстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының кәмелетке толмаған құрбандары;
қылмыс нәтижесінде денсаулығына ауыр зиян келген немесе адамның иммундық тапшылық вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар;
жәбірленуші қайтыс болған жағдайда заңды өкілдері;
жәбірленуші деп танылған шетелдіктер мен азаматтық жоқ азаматтар.
Өтемақы жәбірленушіні әлеуметтік қолдауға арналған біржолғы төлем түрінде болып саналады. Оның мөлшері қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануына қарай 30-50 айлық есептік көрсеткішті (91 890 – 153 150 теңгені) құрайды.
Өтемақы тағайындау туралы өтінішті жәбірленуші деп танылған күннен бастап 3 жылдың ішінде беруге болады. Құжаттар тергеуші беріледі.
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулының көшірмесі;
келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін растайтын құжат;
жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі.
Осы орайда маңызды бірнеше мәселені ескеру керек. Біріншіден, зардап шегуші кінәліден толық залалды одан әрі өндіріп алу мүмкіндігінен айырылмайды.
Екіншіден, өтемақы тек 2020 жылдың 1 шілдесінен кейін жасалған қылмыстар үшін ғана төленеді.
Ал кінәлі адам жәбірленушіге келтірген зиянды толық көлемде өтеп берсе, қордан төлем берілмеуі мүмкін.