Елордада Конституция күніне арналған велошеру өтеді

Велошеру
Велошеру - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. 30 тамызда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Конституция күніне орай "Жаппай веложарыс" өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 20 км-де бастау алады және Үркер (Ильинка) "Жасыл белдеу" тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.
Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін жалғасады. Басталуы 10:00.
Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Әрбір қатысушы өз велосипедімен веложарысқа жіберіледі.
Сонымен қатар қала тұрғындары гір спорты, армрестлинг, арқан тарту, асық ату сияқты ұлттық спорт түрлерінен сынға түсе алады.
Бұл велошеру спорттық жарыс емес, оның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын белсенді дене шынықтырумен, атап айтқанда велосипед спортымен айналысуға тарту.
Байқауға қатысуға елорданың барлық тұрғыны мен қонақтары шақырылады.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
конституции - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Елорда тынысы
Елордада Конституция күні өтетін шаралар тізімі жарияланды
Жаңалықтар
0