Димаш жаңа Zhalyn әніне клип түсірді

Клиптегі кадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің Zhalyn жаңа әнінің музыкалық бейнебаянын ұсынылды.
Қазақ тіліндегі Zhalyn жарқын әрі серпінді әнін қазақстандық композитор Еділжан Ғаббасов Димаш Құдайбергенмен бірлесіп жазған.
Еділжан осы композицияны жасауға шабыттың орындаушымен танысу кезінде пайда болғанын айтты.
"Zhalyn мен Димашпен 2020 жылы кездескен кезде жаздым. Өлеңнің әуенін жаза отырып, мен Димашқа әннің үзіндісін көрсеттім, содан кейін ол оған қайырмасын жазды. Осылайша, бұл композиция біздің шығармашылық тандемімізде дүниеге келді. Менің ойымша, барлық тыңдармандарға бұл туынды ұнайды, ал біз оларға әрі қарай да көптеген сапалы туындылар сыйлайтын боламыз", - деді ол.
Сондай-ақ, Еділжан бұл әнде туған жер, қазақ елінің рухын көрсеткісі келетінін, сонымен бірге әуенге заманауи үн қосқысы келетінін айтты:
"Бала кезімде мен Стиви Уандер, Майкл Джексон және басқа да сапалы музыканы көп тыңдадым. Көбінесе бұл менің жеке шығармаларымды жасау кезінде шабыттың негізгі көзі болып табылады. Zhalyn әні үш бөліктен тұрады және екінші бөлігі маған өте ұнайды, өйткені онда Қазақ рухы бар", - дейі Еділжан.
Композиция мәтінін EL ARNA телеарнасының продюсері, талантты ақын Нұржан Асхатұлы жазған. Нұржан әннің негізгі тақырыбы махаббат екенін айтты. Алайда, махаббаттан басқа, мінез бар.
Димаштың өзі Zhalyn тақырыбын таңдап, оның қандай болу керектігін түсіндірді. Осылайша, әуенді қайта-қайта тыңдап, әннің негізгі тақырыбына сүйене отырып, Нұржан мәтінді жазды.
Әсерлі композицияға бейнебаянды қазақстандық режиссер Шыңғысхан Тәжікеев MOOD VIDEO жанрында түсірді.
Жаңалықтар
0