https://sputnik.kz/20220827/baga-baqylanady-ministrlik-mektepte-zhumys-isteytin-kasipkerlerge-eskertu-zhasady-27106130.html
"Баға бақыланады": министрлік мектепте жұмыс істейтін кәсіпкерлерге ескерту жасады
"Баға бақыланады": министрлік мектепте жұмыс істейтін кәсіпкерлерге ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мектепте тамақ өнімдерін сататын кәсіпкерлерге ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik... 27.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-27T17:00+0500
2022-08-27T17:00+0500
2022-08-27T17:00+0500
асхана
мектеп
https://sputnik.kz/img/old/1117/67/11176715_0:269:2687:1780_1920x0_80_0_0_60aab562722dbe02829c42995118abf6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мектепте тамақ өнімдерін сататын кәсіпкерлерге ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов мектеп асханаларының проблемасын айтқан. Бүгінде кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін пайдаланбайды. 0,5 литр су 300 теңгеге сатылады. Вице-министр Шолпан Каринова жаңа оқу жылында осы мәселелер жіті бақыланатынын мәлімдеді.Ал оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мектептегі ас мәзірі мен тамақ бағасына қатысты министр бұйрығына өзгеріс енгізілгенін еске салды."Министрліктің 598-ші бұйрығына тиісті өзгертулер енгізілді. Онда бағасы көрсетілген тағамдардың, буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесін қосу бойынша нормалар көзделген, яғни, әрбір өңір немесе мектеп ата-аналардың, қамқоршылық кеңестерінің пікірін ескере отырып, өз ас мәзірін жасайды және бағасын белгілейді. Сосын бюджет қаражатының жұмсалу ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бақылау-кассалық құрылғылардан ата-аналарға деректерді беру автоматтандырылады", - деді Бейсембаев.
https://sputnik.kz/20220827/bir-millionnan-astam-oqushyga-tegin-tamaq-beriledi--ministrlik-27104479.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1117/67/11176715_0:17:2687:2032_1920x0_80_0_0_2a1bc24c61138407d109efd17411fca0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхана, мектеп
"Баға бақыланады": министрлік мектепте жұмыс істейтін кәсіпкерлерге ескерту жасады
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мектепте тамақ өнімдерін сататын кәсіпкерлерге ескерту жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов мектеп асханаларының проблемасын айтқан. Бүгінде кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін пайдаланбайды. 0,5 литр су 300 теңгеге сатылады. Вице-министр Шолпан Каринова жаңа оқу жылында осы мәселелер жіті бақыланатынын мәлімдеді.
"Өкінішке қарай, оқу-ағарту министрлігі бағаны реттей алмайды. Ондай құзіреті жоқ. Дегенмен біз осы саладағы жағдайды бақылаудан бас тартпаймыз. Егер бағаны тым көтеріп жатса, біз тиісті органдарға хабар береміз. Сол кезде қатаң шаралар қабылданады", - деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ал оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мектептегі ас мәзірі мен тамақ бағасына қатысты министр бұйрығына өзгеріс енгізілгенін еске салды.
"Министрліктің 598-ші бұйрығына тиісті өзгертулер енгізілді. Онда бағасы көрсетілген тағамдардың, буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесін қосу бойынша нормалар көзделген, яғни, әрбір өңір немесе мектеп ата-аналардың, қамқоршылық кеңестерінің пікірін ескере отырып, өз ас мәзірін жасайды және бағасын белгілейді. Сосын бюджет қаражатының жұмсалу ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бақылау-кассалық құрылғылардан ата-аналарға деректерді беру автоматтандырылады", - деді Бейсембаев.