Ақмола облысында қай елді мекендерге газ тартылады – министр жауап берді

© Photo : официальный сайт акимата Нур-Султана Газовое оборудование
Газовое оборудование  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Ақмола облысын газдандыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022-2023 жылдары республикалық бюджеттен әкімдіктерге 9,3 млрд теңге бөлінеді. Осы қаражатқа қосымша 6 елді мекенге газ тарту жоспарланып отыр. Олар - Аққайын, Шұбар мен Қоянды (Целиноград ауданы) мен Аршалы, Жібек-Жолы мен Жалтыркөл (Аршалы ауданы).
Осының арқасында 26 мың адамды газбен қамтамасыз етіледі. Ақмола облысының тұрғындарымен болған кездесуде Болат Ақшолақов Целиноград ауданының 9 елді мекенін (Қосшы қаласы, Ақмол, Талапкер, Тайтөбе, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Қараөткел, Қаражар ауылы, "Нұрлы" ӨК.) газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың әзірленіп жатқанын да жеткізді.
Ақмола облысы үшін сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың соңына дейінгі мерзімде 1 литрге 70 теңге мөлшерінде бекітілді.
Энергетика министрлігі өндіруші зауыттардың шығындарын ішінара өтеу мақсатында шекті көтерме сауда бағасын 1 тоннасына 33 600 теңге (19,7 теңге/литр) деңгейінде бекіту туралы шешім қабылдады.
Энергетика министрінің айтуынша, бүгінгі таңда жылу қуаты 520 Гкал/сағ құрайтын Көкшетау ЖЭО салу қарастырылуда.
"Бұл бүгінгі таңда қаланың белсенді дамып келе жатқандығына, тұрғын үйдің жоғары қарқынмен салынуына, көп қабатты құрылыстары бар жаңа кварталдар, кәсіпорындар мен әлеуметтік сала объектілерінің пайда болуына байланысты",- дейді Ақшолақов.
Көкшетау қаласында электр қуаты 240 МВт құрайтын ЖЭО салу жоспарланып отыр. Құрылыстың жалпы құны 239 млрд теңгеден асады.
Ақмола облысында жалпы қуаты 287 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 9 объектісі жұмыс істейді. Соның ішінде қуаты 187 МВт 7 жел электр станциясы және қуаты 100 МВт-тан астам 2 күн электр станциясы бар.
Бұдан басқа, 2025 жылға дейін жиынтық қуаты 266 МВт жаңартылатын энергия шығаратын 9 нысанды іске қосу жоспарланған.
Жаңалықтар
0