https://sputnik.kz/20220827/aleumettik-manyzy-bar-tauarlar-27096924.html
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бір жылда 18 процентке қымбаттады
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бір жылда 18 процентке қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінде былтырдан бері ең көп қымбаттағаны қант 27.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-27T19:33+0500
2022-08-27T19:33+0500
2023-08-10T17:15+0500
экономика
баға
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/237/79/2377936_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_58d9c10056fb5ba759ab1a1f0a560e10.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Биылғы жылдың 16 тамызына дейін әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары, оның ішінде 19 тауар түрі бір аптада 0,2%, ай басынан бері 0,4%а және бір жылда 18,1% қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz.Ірі қалалар арасында ең жоғары жылдық баға өсімі Ақтау (былтырдан бері 21,2%-ке), Жезқазған (20,5%) және Орал (20,4%) қалаларында байқалды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының ең аз, бірақ әлі де елеулі жылдық өсімі Қостанайда (15,8%), Петропавлда (16,8%) және Қарағандыда (17,8%) тіркелді.Әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінде былтырдане бері ең көп қымбаттағаны қант: бірден 92,7% шарықтады. Сондай-ақ пияз (55,5%), қарақұмық (26,5%), тауық еті (23,5%) және өлшенбелі рожки (23,2%) бағасы өсті.Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ішінде сәбіз (19%) және ақ қырыққабат (6,7%) арзандады.Жалпы, биылғы жылдың шілде айында азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 1%, жыл басынан бері 16,9% және бір жылда 19,7% өсті.Өңірлер бойынша бір айда баға Павлодар (2%), Ақмола (1,9%) және Абай (1,7%) облыстарында байқалды ең көп қымбаттаған. Бір айда баға ең аз Алматы, Түркістан және Ұлытау облыстарында (0,4%) өсті.Ал жылдық динамикада бағаның ең көп өсуі Маңғыстау (24%), Ақтөбе (22,4%) және Атырау (21,5%) облыстарына тіркелді.Жылдық динамика бойынша нан өнімдері мен жарма 26%, ет және ет өнімдері — 14,3%, балық және теңіз өнімдері — 18,8%, сүт өнімдері — 22,7%, май мен тоң май — 15,3%, жеміс пен көкөніс — 14,5% қымбаттады, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер — 44,2%, жұмыртқа — 6,6% қымбаттады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/79/2377936_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_ee049ee10b111e70807a2dcc07a9d566.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баға, азық-түлік
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бір жылда 18 процентке қымбаттады
19:33 27.08.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінде былтырдан бері ең көп қымбаттағаны қант
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Биылғы жылдың 16 тамызына дейін әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары, оның ішінде 19 тауар түрі бір аптада 0,2%, ай басынан бері 0,4%а және бір жылда 18,1% қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Ірі қалалар арасында ең жоғары жылдық баға өсімі Ақтау (былтырдан бері 21,2%-ке), Жезқазған (20,5%) және Орал (20,4%) қалаларында байқалды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының ең аз, бірақ әлі де елеулі жылдық өсімі Қостанайда (15,8%), Петропавлда (16,8%) және Қарағандыда (17,8%) тіркелді.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінде былтырдане бері ең көп қымбаттағаны қант: бірден 92,7% шарықтады. Сондай-ақ пияз (55,5%), қарақұмық (26,5%), тауық еті (23,5%) және өлшенбелі рожки (23,2%) бағасы өсті.
Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ішінде сәбіз (19%) және ақ қырыққабат (6,7%) арзандады.
Жалпы, биылғы жылдың шілде айында азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 1%, жыл басынан бері 16,9% және бір жылда 19,7% өсті.
Өңірлер бойынша бір айда баға Павлодар (2%), Ақмола (1,9%) және Абай (1,7%) облыстарында байқалды ең көп қымбаттаған. Бір айда баға ең аз Алматы, Түркістан және Ұлытау облыстарында (0,4%) өсті.
Ал жылдық динамикада бағаның ең көп өсуі Маңғыстау (24%), Ақтөбе (22,4%) және Атырау (21,5%) облыстарына тіркелді.
"Азық-түлік тауарларының кіші топтарына келетін болсақ, шілде айының қорытындысы бойынша, нан өнімдері мен жарма бағасы бір айда ең көп өскен: 2,9% қымбаттаған. Ет және ет өнімдері — 1,4%, балық және теңіз өнімдері — 1,3%, сүт өнімдері — 1,7%, жұмыртқа — 2,4%, май мен тоң май — 1,4%, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер — 4,3% қымбаттады. Сонымен қатар жеміс-жидек пен көкөністің маусымдық жаңа бағалары айына 4,3% төмендеді", - делінген ақпаратта.
Жылдық динамика бойынша нан өнімдері мен жарма 26%, ет және ет өнімдері — 14,3%, балық және теңіз өнімдері — 18,8%, сүт өнімдері — 22,7%, май мен тоң май — 15,3%, жеміс пен көкөніс — 14,5% қымбаттады, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер — 44,2%, жұмыртқа — 6,6% қымбаттады.