Жетісайда базар өртеніп кетті – видео

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской областиӨрт сөндірушілер, архивтегі фото
Өрт сөндірушілер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай қаласында "Күлпаршын" базары өртке оранды. 500 шаршы метр аумақта орналасқан сауда орындары жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт түнгі сағат 03:00-дің кезінде басталған. Оқиға орнына 47 өрт сөндіруші 16 көлікпен барған. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиынға соқты. Осылайша құтқарушылар үш сағаттай тілсіз жаумен арпалысты. Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те толғымен өшірілді.
"Базар аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимараттан және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шықты. Базардың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - дейді мамандар.
Облыс әкімі өрттен зардап шеккендерге көмек көрсететін комиссия құруды тапсырды. Оған әкім орынбасары Сәкен Қалқаманов жетекшілік етеді. Комиссия алдымен зардап шеккендердің санын, одан кейін материалдық залалды есептейді.
Жаңалықтар
0