https://sputnik.kz/20220826/zharty-trillion-tenge-shetelge-zansyz-shygarylganyn-anyqtadyq--smayylov-27042387.html
Жарты триллион теңге шетелге заңсыз шығарылғанын анықтадық – Смайылов
Жарты триллион теңге шетелге заңсыз шығарылғанын анықтадық – Смайылов
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында шетелден қайтарылуға тиіс қаржының сомасын атады. 26.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-26T09:35+0500
2022-08-26T09:35+0500
2022-08-26T09:35+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24735624_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_5f02874c3338070dc840384b53aa5045.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында шетелден қайтарылуға тиіс қаржының сомасын атады.Үкімет басшысының айтуынша, министрлер кабинеті шетелге заңсыз шығарылған қаржыны талдау бойынша қыруар жұмыс атқарды. Сауда-экономикалық операциялар да жан-жақты зерделенді."Біз әжептәуір қаражатты анықтадық. Соның барлығы эскпорттық немесе импорттық операциялар үшін төленген ақша ретінде шығарылған. Бірақ екі жылдан бері елге қайтарылмай жатыр. Қазір жалпы сомасы жарты триллион теңге бойынша 200-ден астам материал құқық қорғау органдарына тапсырылды", - деді Смайылов.Бүгінде шетелге шығарылатын капиталды барынша азайту үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, дивидендтер бойынша жеңілдік алынып тасталды. Бұдан бөлек, материалдық емес қызметтер бойынша шетелге ақша аударуға шектеу енгізіліп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24735624_218:0:1418:900_1920x0_80_0_0_b642c4f50628123a5fc2f7b372f41dda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
Жарты триллион теңге шетелге заңсыз шығарылғанын анықтадық – Смайылов
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов
Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында шетелден қайтарылуға тиіс қаржының сомасын атады.
Үкімет басшысының айтуынша, министрлер кабинеті шетелге заңсыз шығарылған қаржыны талдау бойынша қыруар жұмыс атқарды. Сауда-экономикалық операциялар да жан-жақты зерделенді.
"Біз әжептәуір қаражатты анықтадық. Соның барлығы эскпорттық немесе импорттық операциялар үшін төленген ақша ретінде шығарылған. Бірақ екі жылдан бері елге қайтарылмай жатыр. Қазір жалпы сомасы жарты триллион теңге бойынша 200-ден астам материал құқық қорғау органдарына тапсырылды", - деді Смайылов.
Бүгінде шетелге шығарылатын капиталды барынша азайту үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, дивидендтер бойынша жеңілдік алынып тасталды. Бұдан бөлек, материалдық емес қызметтер бойынша шетелге ақша аударуға шектеу енгізіліп отыр.