Смайылов атом электр станциясы қанша жылда салынатынын айтты

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуАЭС құрылысы, архивтегі фото
АЭС құрылысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихин Смайылов Қазақстанда атом электр станциясы халықаралық жоба болатынын мәлімдеді.
Қазіргі кезде қазақстандық мамандар халықаралық тәжірибені жан-жақты зерделеп жатыр. Соның ішінде Оңтүстік Корея, Франция, Қытай мен Ресей технологиялары бар.
"Біз Түркия тәжірибесін көріп келдік. Ол жақта "Росатомның" қатысуымен "Аккую" атом электр станциясы салынып жатыр. Негізі бұл – халықаралық жоба. Құрал-жабдықтар танылған тауар жеткізушілерден сатып алынды. Ал тәуелсіз сараптаманы француз компаниялары жасады. "Аккуюдің" тәжірибесі өте пайдалы болды. Қазақстандағы АЭС те халықаралық жоба болады деп жоспарлап отырмыз", - деді Смайылов Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында.
Айта кетері, Түркиядағы "Аккую" атом электр станциясын салуға бірнеше мемлекет атсалысып жатыр. Росатом "Аккую Нуклеар" компаниясы атынан жобаны жасап, құрылыс жұмыстарын атқарады. Франциядан турбиналар жеткізіледі. Құрылыс жұмыстарына қазақстандық мамандар да тартылды.
Үкімет басшысының айтуынша, АЭС-ті пайдалану бойынша қауіпсіздік мәселелеріне баса мән беріледі.
"Маусым айында біздің делегациямыз Оңтүстік Кореяда болды. Шілде айында Францияға барып келді. Қытайлық компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Осылайша, халықаралық тәжірибені жан-жақты зерделеудің нәтижесінде ядролық технологияларды жеткізетін компаниялармен келісім жасалады. Тағы айтайын, бұл халықаралық жоба болады", - деп атап өтті Смайылов.
Осы орайда премьер-министр АЭС құрылысы қанша жылға созылатынын айта кетті. Оған шамамен 8 жыл кетеді.
Жаңалықтар
0