Ресейдің Қарулы күштерінің қатары 137 мың әскериге неге арттырылды

© Sputnik / Russian Defence Ministry / Медиабанкке өтуВоеннослужащий из состава контингента миротворческих сил ОДКБ в Казахстане
Военнослужащий из состава контингента миротворческих сил ОДКБ в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Жазылу
Келісімшарт негізіндегі кәсіби қызметкерлер есебінен Ресей Қарулы күштері құрамындағы әскерилер санын 13%-ке ұлғайту мәжбүрлі шара болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Дегенмен, Украинадағы арнайы әскери операция Ресей Қарулы күштерінің штаттық деңгейін өзгертудің негізгі факторы емес. 25 тамызда Ресей президенті Владимир Путин 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қарулы күштер қатарын 137 мың әскери қызметкерге ұлғайту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл бұрынғы көрсеткіштен 13%-ке жоғары, яяғни 1 013 628 әскери қызметкер. Жарлықтың орындалу күні арнайы әскери операцияға немесе әскерге шақыру науқанына байланыстырылмаған.
Кремльдің шешімі жедел туындаған міндеттермен емес, соңғы бес жылдағы жаһандық қауіпсіздіктің жалпы нашарлауымен байланысты. Басты мақсат – Ресей Федерациясының бүкіл периметрі бойынша әскердің жоғары жауынгерлік тұрақтылығын және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету.
Келісімшарт негізінде қызмет ететін әскерилерді жұмылдыру есебінен Ресей армиясы мен флоты көлемінің өсуі Еуропа немесе Азиядағы кез келген стратегиялық бағыттарда күш тепе-теңдігін тез қалпына келтіруге, арнайы әскери операцияның географиялық шекараларын өзгертуге немесе арнайы операцияны терроризмге қарсы операцияға қайта бейімдеуге мүмкіндік береді.
"Күзге жоспарланып отырған референдумнан кейін Донбаста, Запорожье және Херсон облыстарының аумағында Ресей армиясының тұрақты шоғырлануының ықтималдылығы жоғары. Азов маңы мен Қара теңіз маңындағы миллиондаған ресейлік азаматты сенімді қорғау үшін жаңа әскери бөлімдер мен гарнизондар құру керек болады", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушының пікірінше, экономикалық және логистикалық тұрғыдан бұл Ресей Федерациясының мемлекеттік бюджетіне елеулі түзетулер енгізуді талап ететін ауқымды шаруа болып отыр. Қалай болғанда да, армияға қолынан ештеңе келмейтін жас сарбаз қажет емес. Қарулы күштер қатарын психологиялық тұрғыдан тұрақты, физикалық дайындықтан өткен және әлеуметтік ынталандырылған мамандар толықтыруы маңызды.
Ресейде жыл сайын 240 мыңға жуық адам әскерге шақырылады, бұл белгілі бір дайындықтан өткен қатардағы және запастағы сержанттар. Олардың көбі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бос лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыра алады.
Варшава да әскерилер қатарын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Польша армиясы қазіргі 120 мың сарбаздан 300 мыңға дейін еселенеді. Польша мобилизация қызметінің басшысы жақын уақытта Польшада 250 мың азамат әскери қызметте болатынын және тағы 50 мың азамат аймақтық қорғаныс әскеріне қабылданатынын мәлімдеді.
Румыния да шұғыл түрде қорғаныс қуатын арттырып жатыр. Оның аумағында 12,2 миллиард долларға бірнеше әскери база салынып, америкалық Patriot зениттік зымыран кешендері орналастырылады және қазіргі әскерге қосымша тағы 5 мыңға дейінгі мотомеханикаландырылған жаяу әскер шоғырланады.
WallStreetJournal мәліметі бойынша, алдағы уақытта Ақ үй Украинаға әскери көмегі саласындағы АҚШ-тың барлық күш-қуатын америкалық үш жұлдызды генералдың қолбасшылығы астына біріктіруді көздеп отыр. 18 тамызда Солтүстік Дакотадан Англияға В-52Н төрт стратегиялық бомбалаушы ұшағынан құрылған жедел топ жөнелтілді. Америкалық миссия одақтастармен жәдел үйлесімділікті жақсартуды, бүкіл Еуропа аумағында жаһандық қуатты паш етуді негізгі мақсат етіп айқындап отыр. Жалпы 2019 жылдың күзінен бері В-52Н ұшақтары британдық Фэрвордта тұрақты орналастырылды. Сонымен қатар, тамызда АҚШ Польшаға бесінші буынға жататын 12 дана F-22 Raptor жойғыш ұшағын жеткізді.
"Америкалықтар НАТО-ға қарай әскери кеңею және Швеция мен Финляндия арқылы еуропалық қауіпсіздік жүйесін жойып жатыр. Ресей мен Финляндия арасындағы шекара 1 270 километрді құрайды. Мәскеу осы аумақты соққы авиациясы, әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс құралдары, гипердыбысты зымыран кешендерін қоса алғанда қолда бар барлық күш-құралдарымен нығайтуға мәжбүр", - деп жазды Хроленко.
Ұжымдық Батыс 2021 жылдың желтоқсанында Мәскеу ұсынған тең және бөлінбейтін қауіпсіздік қағидаларынан қабылдаудан бас тартты, Ресей Федерациясының АҚШ пен НАТО-ға қойған әділ талаптарын, яғни альянсты кеңейтуден бас тарту, Шығыс Еуропа елдерінен шетелдік әскерді және соққы жасау техникасын 1997 жылғы шекке қайтару туралы шарттарын елемеді.
Наурызда өткен төтенше саммитте НАТО қорғаныс министрлері Ресейді қарсыласы ретінде ашық мойындады. Стратегиялық тұжырымдама альянстың маусым айында Мадридте өткен саммитінде бекітілді. Бірақ АҚШ-тың Украина арқылы жаһандық үстемдікті арттыруға деген талпынысынан бойын аулауқ ұстауға тырысатын мемлекеттер қатары көбейе бастады. Мысалы, Германия мен Франция қатты құбылмалылық жағдайында өз әскері үшін қару-жарақ тапшы екенін мәлімдеп, Украина аясындағы әскери іс-қимылдан алшақ болуға тырысып жатыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0