https://sputnik.kz/20220826/qoyma-urlap-ketken--video--27076130.html
Қоймаға емін-еркін кірген жас жігіт 6 млн теңгені ұрлап кеткен – видео
Қоймаға емін-еркін кірген жас жігіт 6 млн теңгені ұрлап кеткен – видео
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Жетісай қаласында жас жігіттің ұрлығы видеоға түсіп қалды. Ол қоймаға емін-еркін кіріп, 6 миллион теңгені алып кеткен, деп... 26.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-26T16:49+0500
2022-08-26T16:49+0500
2022-08-26T16:49+0500
ұрлық
жетісай
https://sputnik.kz/img/88/65/886513_0:184:2989:1865_1920x0_80_0_0_f95c4f8001ac1c341c1f98c2b30d767b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Жетісай қаласында жас жігіттің ұрлығы видеоға түсіп қалды. Ол қоймаға емін-еркін кіріп, 6 миллион теңгені алып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап. Жетісай аудандық полиция бөліміне қойманың иесі арызданды. Сусындар сататын саудагердің кассасынан 6 миллион ұрланды. Жедел-іздестіру шаралары барысында жұмыссыз жүрген қала тұрғыны ұсталды. Күдікті бұрын сол жерде жүк тасушы болып жұмыс істеген. "Ол сағат 16:00 шамасында қойма ішіне еркін кіріп, жұмысшылардың үйіне қайтқанын күтіп, бес сағаттай жасырынып отырған. Жұмыс уақыты аяқталып, қоймадағылар үйлеріне кеткеннен кейін қойманың терезесінен кассаға кіріп, 6 млн теңгені сөмкесіне салып әкеткен",- дейді полицейлер. Күдікті қамауға алынды. Заттай айқақ ретінде 1,5 миллион теңге тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал ірі көлемде жасалған әрекет үшін екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы бар. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
жетісай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/88/65/886513_128:0:2859:2048_1920x0_80_0_0_51fa187d25ae2ad89b1982eb2ac674a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық, жетісай
Қоймаға емін-еркін кірген жас жігіт 6 млн теңгені ұрлап кеткен – видео
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Жетісай қаласында жас жігіттің ұрлығы видеоға түсіп қалды. Ол қоймаға емін-еркін кіріп, 6 миллион теңгені алып кеткен, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жетісай аудандық полиция бөліміне қойманың иесі арызданды. Сусындар сататын саудагердің кассасынан 6 миллион ұрланды. Жедел-іздестіру шаралары барысында жұмыссыз жүрген қала тұрғыны ұсталды.
Күдікті бұрын сол жерде жүк тасушы болып жұмыс істеген.
"Ол сағат 16:00 шамасында қойма ішіне еркін кіріп, жұмысшылардың үйіне қайтқанын күтіп, бес сағаттай жасырынып отырған. Жұмыс уақыты аяқталып, қоймадағылар үйлеріне кеткеннен кейін қойманың терезесінен кассаға кіріп, 6 млн теңгені сөмкесіне салып әкеткен",- дейді полицейлер.
Күдікті қамауға алынды. Заттай айқақ ретінде 1,5 миллион теңге тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал ірі көлемде жасалған әрекет үшін екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы бар. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.