https://sputnik.kz/20220826/qazaqstannyn-eaeo-elderimen-sauda-kolemi-i-zhartyzhyldyqta-126-mlrd-dollarga-deyin-osti-27052874.html
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда көлемі I жартыжылдықта 12,6 млрд долларға дейін өсті
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда көлемі I жартыжылдықта 12,6 млрд долларға дейін өсті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) басқа елдерімен өзара саудасы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 4,8%... 26.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-26T12:33+0500
2022-08-26T12:33+0500
2023-08-10T12:23+0500
әлихан смайылов
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1a/27048066_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_64efdd9ee7f2ca55aa7176afbf6ff16e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) басқа елдерімен өзара саудасы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 4,8% өсті, деп хабарлады премьер-министр Әлихан Смайылов.Премьер-министр елдердің үкіметтері қабылдаған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде ЕАЭО аясында негізгі экономикалық көрсеткіштер қалпына келіп, экономикалық тәуекелдер ішінара бәсеңдегенін атап өтті."Атап айтқанда, экономикалық өсімді тұрақтандыру және қамтамасыз ету шаралары ЕАЭО елдері экономикасының орташа мерзімді өсу болжамын арттыруға мүмкіндік берді", - деді ол.Еуразиялық экономикалық одақ – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп жатқан халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. Одаққа Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан мүше. Молдова 2018 жылдың мамыр айынан бастап ЕАЭО жанындағы бақылаушы болды. 2020 жылы ЕАЭО елдері басшыларының кездесуінде Куба мен Өзбекстанға интеграциялық бірлестік жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.2022 жылы Одақ органдарына, оның ішінде Еуразиялық үкіметаралық кеңеске Қырғызстан төрағалық етіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1a/27048066_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_a52e2281d3e69bf6ccb6cf408473f4f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, еаэо
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда көлемі I жартыжылдықта 12,6 млрд долларға дейін өсті
12:33 26.08.2022 (жаңартылды: 12:23 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) басқа елдерімен өзара саудасы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 4,8% өсті, деп хабарлады премьер-министр Әлихан Смайылов.
"Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өзара сауда-саттықтың артқанын байқап отырмыз. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 4,8 пайызға өсіп, 12,6 миллиард доллар болды", - деді Смайылов Шолпаната қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.
Премьер-министр елдердің үкіметтері қабылдаған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде ЕАЭО аясында негізгі экономикалық көрсеткіштер қалпына келіп, экономикалық тәуекелдер ішінара бәсеңдегенін атап өтті.
"Атап айтқанда, экономикалық өсімді тұрақтандыру және қамтамасыз ету шаралары ЕАЭО елдері экономикасының орташа мерзімді өсу болжамын арттыруға мүмкіндік берді", - деді ол.
Еуразиялық экономикалық одақ – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп жатқан халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. Одаққа Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан мүше. Молдова 2018 жылдың мамыр айынан бастап ЕАЭО жанындағы бақылаушы болды. 2020 жылы ЕАЭО елдері басшыларының кездесуінде Куба мен Өзбекстанға интеграциялық бірлестік жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.
2022 жылы Одақ органдарына, оның ішінде Еуразиялық үкіметаралық кеңеске Қырғызстан төрағалық етіп жатыр.