Психикалық денсаулық қызметінің бірыңғай call-орталығы құрылады

© Pixabay/WokandapixАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанда психикалық денсаулық қызметі бойынша байланыс орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры, денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр-наркологы Қуаныш Алтынбеков.
"Тұрғындар қалай көмек алуға болатынын, оңалту бөлімдері қайда жұмыс істейтінін, бұл бөлімдерге қалай баруға болатынын білмейді. Өйткені, өкінішке қарай, ақпарат берілмейді. Бұл call- орталық еліміздегі барлық психикалық денсаулық орталығын біріктіреді", - деді Қуаныш Алтынбеков Қазақстан президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қазіргі уақытта әрбір психикалық денсаулық орталығының жанында сенім телефоны, онлайн психотерапевтік және психологиялық көмек көрсетуге арналған ақпараттық ресурстар жұмыс істейді, онда білікті мамандар кеңес береді.
Бірыңғай байланыс орталығы барлық ақпаратты біріктіріп, азаматтарға жедел әрі білікті медициналық көмек алуға көмектеседі.
Жаңалықтар
0