https://sputnik.kz/20220826/qaragandy-auezhayyna-durys-deklaratsiyalanbagan-19-tonna-zhuk-zhetkizilgen-27047795.html
Қарағанды әуежайына дұрыс декларацияланбаған 19 тонна жүк жеткізілген
Қарағанды әуежайына дұрыс декларацияланбаған 19 тонна жүк жеткізілген
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қарағанды қаласының әуежайында дұрыс декларацияланбаған ірі мөлшердегі жүк анықталды, деп хабарлады мемлекеттік кірістер... 26.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-26T11:14+0500
2022-08-26T11:14+0500
2022-08-26T11:14+0500
жүк
әуежай
https://sputnik.kz/img/1321/95/13219589_1261:0:2417:650_1920x0_80_0_0_b79efc008619fb754d62eeebc8bcaf2e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қарағанды қаласының әуежайында дұрыс декларацияланбаған ірі мөлшердегі жүк анықталды, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.Гонконгтан Қарағанды қаласының "Сары-Арқа" әуежайына келген жүктің дұрыс декларацияланбағанын 2022 жылдың 17 тамызында Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай-Қарағанды" кеден бекетінің қызметкерлері анықтаған.Ұсынылған тасымалдау құжаттарын талдау барысында кедендік тасымалдаушы халықаралық почта жөнелтілімдері түрінде жалпы массасы 19 тонна шоғырландырылған экспресс жүк тауарын мәлімдегені анықталды.Қазіргі уақытта халық тұтынатын дұрыс декларацияланбаған тауарларға қатысты кедендік тексеру жүргізіліп жатыр, оның ішінде - қол сағаттары, компьютерлік пернетақта, балаларға арналған заттар және т.б. бар.Осыған байланысты, материалдар Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің автоматтандырылған ақпараттық деректер қорының есебіне тіркелген.Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Кеден кодексінің 34-бабына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда екенін еске салады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1321/95/13219589_1405:0:2272:650_1920x0_80_0_0_19493995ed09e54ad9187ac44bbf6f60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк, әуежай
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қарағанды қаласының әуежайында дұрыс декларацияланбаған ірі мөлшердегі жүк анықталды, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.
Гонконгтан Қарағанды қаласының "Сары-Арқа" әуежайына келген жүктің дұрыс декларацияланбағанын 2022 жылдың 17 тамызында Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай-Қарағанды" кеден бекетінің қызметкерлері анықтаған.
Ұсынылған тасымалдау құжаттарын талдау барысында кедендік тасымалдаушы халықаралық почта жөнелтілімдері түрінде жалпы массасы 19 тонна шоғырландырылған экспресс жүк тауарын мәлімдегені анықталды.
"Кедендік ресімдеу регламентіне сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдері кедендік бақылау нысандарынан жеңілдетілген тәртіппен өтеді. Коммерциялық жүктер кедендік бақылаудың барлық нысанын қолдана отырып, кедендік ресімдеуден өтеді. Тиісінше, халықаралық почта жөнелтілімдері түріндегі коммерциялық жүкті декларациялай отырып, декларант кедендік бақылаудан жалтарады. Бұл ЕЭК шешімдерін бұзу болып саналады", - деп хабарлады комитет.
Қазіргі уақытта халық тұтынатын дұрыс декларацияланбаған тауарларға қатысты кедендік тексеру жүргізіліп жатыр, оның ішінде - қол сағаттары, компьютерлік пернетақта, балаларға арналған заттар және т.б. бар.
Осыған байланысты, материалдар Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің автоматтандырылған ақпараттық деректер қорының есебіне тіркелген.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Кеден кодексінің 34-бабына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда екенін еске салады.