https://sputnik.kz/20220826/mangystau-monopolister-prokuratura-27060876.html
Маңғыстауда монополистер халықты 60 миллион теңгеге алдаған – прокуратура
Маңғыстауда монополистер халықты 60 миллион теңгеге алдаған – прокуратура
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында ондаған автогаз құю станциясына айыппұл салынды. Ал монополиялық табыстың барлығы тәркіленді, деп... 26.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-26T14:19+0500
2022-08-26T14:19+0500
2022-08-26T14:19+0500
газ
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543899_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_db07703110083a3f68a93e628c7ff244.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында ондаған автогаз құю станциясына айыппұл салынды. Ал монополиялық табыстың барлығы тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап. Прокурорлар сұйылтылған мұнай газ нарығына тексеріс жүргізу кезінде бағаны бір мезгілде көтеру сияқты бәсекелестікке қарсы фактілерді анықтады. Көлікке арналған газ құятын станциялар өзара келісіп, бағаны көтеріп отырған. Осылайша, миллиондап табыс тапқан. Бұдан басқа, сұйылтылған мұнай газы нарығындағы кәсіпкерлер де заң бұзған. Олар арнайы бағдарламалардың көмегімен электрондық сауда алаңдарының қорытындыларын бұрмалады. "Бүгінде кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды. Прокуратура сұйытылған мұнай газы нарығындағы бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы ескертеді", - дейді прокурорлар.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543899_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_266053d746a4acfabf7a240990a25c4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, маңғыстау облысы
Маңғыстауда монополистер халықты 60 миллион теңгеге алдаған – прокуратура
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында ондаған автогаз құю станциясына айыппұл салынды. Ал монополиялық табыстың барлығы тәркіленді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.
Прокурорлар сұйылтылған мұнай газ нарығына тексеріс жүргізу кезінде бағаны бір мезгілде көтеру сияқты бәсекелестікке қарсы фактілерді анықтады. Көлікке арналған газ құятын станциялар өзара келісіп, бағаны көтеріп отырған. Осылайша, миллиондап табыс тапқан.
"Қолға алынған шаралардың нәтижесінде 54 автогаз құю станциясына және газ өндіру зауытына айыппұл салынды. Сондай-ақ, 60 миллион теңгеден асатын монополиялық табыс тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан басқа, сұйылтылған мұнай газы нарығындағы кәсіпкерлер де заң бұзған. Олар арнайы бағдарламалардың көмегімен электрондық сауда алаңдарының қорытындыларын бұрмалады.
"Бүгінде кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды. Прокуратура сұйытылған мұнай газы нарығындағы бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы ескертеді", - дейді прокурорлар.