https://sputnik.kz/20220826/demonopolizatsiya-40-qa-zhuyq-kompaniya-memleketke-qaytaryldy-27043410.html
Демонополизация: 40-қа жуық компания мемлекетке қайтарылды
Демонополизация: 40-қа жуық компания мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Демонополизация шаралары аясында 40-қа жуық акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серікстестік мемлекет меншігіне... 26.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-26T09:52+0500
2022-08-26T09:52+0500
2022-08-26T09:52+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_051f002aadb3a704b29fcb4f55c314c6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Демонополизация шаралары аясында 40-қа жуық акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серікстестік мемлекет меншігіне өтеді. Бұл туралы премьер-министрі Әлихан Смайылов Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында айтты.Қазіргі кезде экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Негізгі міндеті – бәсекелестікке кедергі жасайтын компанияларды анықтау.Оның айтуынша, мемлекет меншігіне берілген компаниялар мемлекеттік мүлік комитетіне өтеді. Артынан сала бойынша мемлекеттік органдарға таратылады."Ал табысы республкалық бюджетке түседі", - деп атап өтті үкімет басшысы.Премьер-министр ресейлік нарықтан кеткен жүздеген шетелдік компанияның Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдіргенін де жеткізді. Бүгінде 45 компания келуге шешім қабылдады."Біз әрбір компаниямен жеке-дара жұмыс істеп жатырмыз, әрбір жоба бойынша жұмыс топтары құрылды. Олар сол компанияларға өз өндірісін орналастыруға көмектеседі. Бүгінде екі компания жұмысын бастап кетті", - деді Смайылов.Қазақстанға келетін компаниялардың ішінде Skoda, GE Healthcare, Philips, Honeywell және тағы басқа танымал брендтер бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_826b454f9585833a3f96749fcc70bc0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Демонополизация шаралары аясында 40-қа жуық акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серікстестік мемлекет меншігіне өтеді. Бұл туралы премьер-министрі Әлихан Смайылов
Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында айтты.
Қазіргі кезде экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Негізгі міндеті – бәсекелестікке кедергі жасайтын компанияларды анықтау.
"Мәселен, шамамен 40 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік, сондай-ақ басқа да жылжымайтын мүлік нысандары республикалық меншікке беріліп жатыр. Осы жұмыс жалғаса береді", - деді Смайылов.
Оның айтуынша, мемлекет меншігіне берілген компаниялар мемлекеттік мүлік комитетіне өтеді. Артынан сала бойынша мемлекеттік органдарға таратылады.
"Ал табысы республкалық бюджетке түседі", - деп атап өтті үкімет басшысы.
Премьер-министр ресейлік нарықтан кеткен жүздеген шетелдік компанияның Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдіргенін де жеткізді. Бүгінде 45 компания келуге шешім қабылдады.
"Біз әрбір компаниямен жеке-дара жұмыс істеп жатырмыз, әрбір жоба бойынша жұмыс топтары құрылды. Олар сол компанияларға өз өндірісін орналастыруға көмектеседі. Бүгінде екі компания жұмысын бастап кетті", - деді Смайылов.
Қазақстанға келетін компаниялардың ішінде Skoda, GE Healthcare, Philips, Honeywell және тағы басқа танымал брендтер бар.