Қоғам

Алдағы үш күн демалыста ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

© Photo : "Правительство для граждан"АвтоЦОН
АвтоЦОН - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Жазылу
Ертең, 27 тамыз жұмыс күні болғандықтан, ХҚКО-лар әдеттегідей жұмыс істейді. Ал содан кейінгі үш күн демалыста жабық болады
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Конституция күніне байланысты Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лары 28, 29 және 30 тамыз күндері жұмыс істемейтінін хабарлайды.
Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚКО-лар 29 тамызда сағат 9.00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бірақ сол күні Қазпошта тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚКО-ларда касса арқылы мемлекеттік баж төлеу мүмкіндігі болмайды. Клиенттер мемлекеттік қызметтерді банк қосымшалары мен QR-код арқылы төлей алады.
27 тамыз – жұмыс күні. Сондықтан ертең барлық ХҚКО әдеттегі кесте бойынша істейді.
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 31 тамызда жұмысын қайта бастайды.
Айта кетері, ХҚКО-лардың әдеттегі жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0