https://sputnik.kz/20220826/daretkhanadagy-naresteni-qutqargan-politseyler-marapattaldy-27045324.html
Дәретханадағы нәрестені құтқарған полицейлер марапатталды
Дәретханадағы нәрестені құтқарған полицейлер марапатталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Алматыда даладағы дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені алып шыққан полицейлер марапатталды, деп хабарлайды Sputnik... 26.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-26T10:35+0500
2022-08-26T10:35+0500
2022-08-26T10:35+0500
дәретхана
нәресте
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Алматыда даладағы дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені алып шыққан полицейлер марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін майор шенін алды. Ал баланы шұңқырдан алып шыққан лейтенант Ғазиз Хамасқалиевке үш жалақы мөлшерінде сыйақы беріледі.Айта кетері, күні кеше алматылық полицейлер даладағы дәретхананың шұңқырынан жаңа туған нәрестені аман алып шықты. Полицияға кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны туралы хабарлама түскен. Оны қаладағы ауруханалардың біріне жатқызған. Сол Түрксіб ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Нұржан Шатунов нәрестені іздеп, оқиға орнына барған. Соның арқасында шақалақ аман қалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәретхана, нәресте
Дәретханадағы нәрестені құтқарған полицейлер марапатталды
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Алматыда даладағы дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені алып шыққан полицейлер марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің
Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін майор шенін алды. Ал баланы шұңқырдан алып шыққан лейтенант Ғазиз Хамасқалиевке үш жалақы мөлшерінде сыйақы беріледі.
Айта кетері, күні кеше алматылық полицейлер даладағы дәретхананың шұңқырынан жаңа туған нәрестені аман алып шықты. Полицияға кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны туралы хабарлама түскен. Оны қаладағы ауруханалардың біріне жатқызған. Сол Түрксіб ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Нұржан Шатунов нәрестені іздеп, оқиға орнына барған. Соның арқасында шақалақ аман қалды.