Археологтар Қазақстандағы көне түркі ескерткіштеріне 3D-түсірілім жүргізді
© PhotoАрхеологтар Қазақстандағы көне түркі ескерткіштеріне 3D-түсірілім жүргізді
© Photo
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Ресей ғалымдары "Үлкен Алтай: түркі мұрасы, Қалмаққырған-2022" экспедициясы барысында тың жәдігерлер тауып, көне түркі дәуіріндегі нысандардың 3D-түсірілімін жүргізді. Бұл туралы Алтай мемлекеттік университетінің (АлтМУ) "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
Шығыс Қазақстан жәдігерлері
10 күн ішінде ғалымдар екі мың километрден астам жолды жүріп өтті. Олар 3D үлгілер жасау үшін түркі алды және түркі дәуіріндегі бес ескерткішті зерттеп, суретке түсірді және Алтай мемлекеттік университетінің " Үлкен Алтайдың түркі әлемі" жобасы аясында Семей қаласының музейлері мен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы "Берел" музей кешеніндегі 30-дан астам экспонатты зерттеді.
© PhotoСемей қаласы облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясындағы түркі мүсіндерінің фототүсірілімі.
Семей қаласы облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясындағы түркі мүсіндерінің фототүсірілімі.
© Photo
"Берелде біраз бұрын қазақстандық әріптестеріміз тазалау жұмыстарын жүргізіп, түсірілімге дайындаған түркі дәуіріне дейінгі кезеңге жататын қорғандардағы қазба жұмыстары жүргізілген аумақта жұмыс істедік. Осы жұмыстардың нәтижесінде адамның жылқымен бірге жерленген екі зиратын түсіріп алдық", - деп түсіндірді Алтай мемлекеттік университетінің Алтай археологиясы және этнографиясы музейінің директоры Ярослав Фролов.
© PhotoШығыс Қазақстан, Берел қорымындағы сяньби дәуіріндегі жерлеу орны.
Шығыс Қазақстан, Берел қорымындағы сяньби дәуіріндегі жерлеу орны.
© Photo
Ғалымдар мұндай жерлеудің түркі дәуіріне дейінгі кезеңде, одан кейін түркі дәстүрі бойынша жүргізілгенін атап өтті: адам жерленген жердің үстіне немесе оның жанына жылқысы қоса жерленген.
"Ежелгі көшпенділер үшін жылқы қазіргі адам үшін ұшақ немесе көлік іспеттес болған. Ол коммуникация, қозғалыс құралы, тамақ көзі және діни табыну нысаны болған. Табылған қорым самбия ескерткіштеріне жатады. Соңғы жылдары біз оған үлкен қызығушылық танытып жүрміз. Соңғы уақытта бірнеше өте қызықты нысанды анықтады және оларды ғылыми айналымға енізуді жоспарлап отырмыз. Алтайлық әріптестеріміздің бұл салада тәжірибесі бар, біз қазірдің өзінде бірлескен зерттеулерді жоспарлап отырмыз", - деді тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша ғылыми сарапшысы Зайнолла Самашев.
© PhotoЕжелгі көшпенділер үшін жылқы қазіргі адам үшін ұшақ немесе көлік рөлінде болған. Суретте: Шығыс Қазақстан, Берел қорымындағы сяньби дәуіріндегі жерлеу орны
Ежелгі көшпенділер үшін жылқы қазіргі адам үшін ұшақ немесе көлік рөлінде болған. Суретте: Шығыс Қазақстан, Берел қорымындағы сяньби дәуіріндегі жерлеу орны
© Photo
Экспедиция кезеңдерінің бірі Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтіп, ғалымдар сирек кездесетін жәдігерлерді суретке түсіріп алды.
"Біз түркі халықтарының өте құнды тас мүсінінің - жақсы көркемдік талғаммен дайындалған адам мүсінін түсіріп алдық: көне шебер қолында түтік ыдыс ұстаған адамның бет-әлпетін, сондай-ақ арқасына түсетін ұзын өрімдер тізбегі түрінде бейнеленген оның шаш үлгісін айнытпай жеткізген", - деді Ярослав Фролов.
Түркілердің ежелгі кеншілері мен киелі жерлері
Экспедицияның бір кезеңі Қалмаққырған тауының аумағында өтті. Мамандар қазба орнында Торайғыров университетінің қызметкерлері қазып, музейге орналастыруға дайындаған біздің заманымыздың 7-8 ғасырына жататын ескерткіш қоршаудың 3D үлгісін жасау үшін фототүсірілім жүргізді. Ғалымдардың айтуынша, оның ортасында үлкен стела орналасуы ерекше болып отыр. Бұл қоршаудың ежелгі түркілер үшін маңызы бар жерде бой көтергенін білдіреді. Сонымен қатар, әлі зерттелмеген жаңа жұп қоршауға да зерттеу жүргізілді.
© PhotoШығыс Қазақстандағы түркі қоршауының 3D түсірілімі.
Шығыс Қазақстандағы түркі қоршауының 3D түсірілімі.
© Photo
"Келесі жылы қазақстандық әріптестерімізбен бірге қазба жұмыстары кезінде басқа да қызықты материалдар табамыз деп үміттенеміз. Бұрын осыған ұқсас түркі қоршауларында археологтар құрбандыққа шалынған жануарлардың қалдықтарын, ыдыстарды, соның ішінде металдан дайындалған ыдыстар тапқан. Әзірше осы жұптасқан қоршауға 3D-түсірілім жүргіздік", - деді экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университетінің археология, этнография және музейтану кафедрасының профессоры Сергей Грушин.
"Біздің топ Павлодар облысы Май ауданындағы Көктас кенішінде бұрын зерттелмеген қорғанда жұмыс жүргізді. Торайғыров университетінің қызметкерлері ол жерде ежелгі қола дәуірі металлургтерінің қонысына қазба жүргізіп жатыр және бұған дейін өте қызықты олжалар табылды: өндірістік қызметпен, ежелгі кеншілердің киелі және діни әрекеттерімен байланысты нысандар", - деп атап өтті Сергей Грушин.
© PhotoҚамшының сабына арналған сүйек қаптама. Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі. Қазақстан Республикасы.
Қамшының сабына арналған сүйек қаптама. Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі. Қазақстан Республикасы.
© Photo
"Экспедиция бірлесе жұмыс істеп, осы ескерткіштерге жаңаша көзқараспен қарау, оларды насихаттау, зерттеу және сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Бұл біздің басты міндетіміз", - деді тарих ғылымдарының кандидаты, Торайғыров атындағы университеттің доценті Виктор Мерц.
Қазақстан музейлері және ғылыми орталықтарымен келісе отырып, суретке түсірілген барлық жәдігердің 3D-үлгілері Алтай мемлекеттік университетінің "Үлккен Алтайдың тұркі әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен әртүрлілік" жобасының аясында құрылған "Үлкен Алтай – түркілердің ата мекені" виртуалды музейінің топтамасына енгізіледі.