Алматы облысында иттерді соятын орын табылды – полиция тексеріс бастады

© SputnikАлматы облысында иттерді соятын орын табылды
Алматы облысында иттерді соятын орын табылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 тамыз—Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Көлді ауылында иттерді соятын орын табылды. Оны тапқан волонтерлердің айтуынша, ит еті саудаға шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Анастасия Малыгина есімді тұрғын өзінің асыл тұқымды итін ит аулаушылар алып кеткенін естіп, іздеу салады. Көмекке волонтерлерді шақырады.

"Мен ит аулаушыларға хабарластым. Олар қандай ит деп сұрады. Мен фотосын жібердім. Олар маған" бұл ит емес, қой ғой" деп мазақ қылғандай жауап берді. Сол күйі итімді таппадым",- дейді Малыгина.

Ит аулаушылар мекемесіне барған волонтерлерді жұмысшылар бір сағат күшпен ұстаған. Тіпті қоқан-лоқы көрсетіп, қол жұмсаған.
© SputnikАлматы облысында иттерді соятын орын табылды
Алматы облысында иттерді соятын орын табылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Алматы облысында иттерді соятын орын табылды
"Бізді былапыт сөздермен балағаттап, көлігіміздің есігін ұрғылады. Жолымызды жауып жүргізбей тастады", - дейді Мина Исмаилова.
Одан кейін волонтерлер оқшау тұрған жерді тауып алған. Ол ит соятын орын болып шықты. Олар келген бойда 17 итті босатқан.
© SputnikАлматы облысында иттерді соятын орын табылды
Алматы облысында иттерді соятын орын табылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Алматы облысында иттерді соятын орын табылды
"Иттердің бас сүйегі жатты. Кейбір бас сүйек жаңа сойылған иттікі. Мұнда міне, пышақ, итті ұратын темір таяқ, құрал-жабдықтың бәрі бар. Міне қараңыздар - жаңа аққан қанның іздері", -дейді Исмаилова.
Ит соятын орында газ баллоны мен таразы да тұр.
© PhotoАлматы облысында иттерді соятын орын табылды
Алматы облысында иттерді соятын орын табылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Алматы облысында иттерді соятын орын табылды
"Етті үнемі бір машина әкетіп жүрген. Ит аулаушылар осында әкеп сойып, бөлшектейді. Ол етті басқа біреу әкетеді. Кәріс ұлтының өкілі белгісіз азамат әкетіп отырады. Пакеттер өте көп болды мұнда. Сол пакеттерге салып тасиды. Ана жерде еттерді өлшейтін таразы да тұр", - дейді волонтерлер.
Ал "Сенім-мейірім" қоғамдық қорының өкілі Зинаида Севенкова айтуынша, бұл ұйымдасқан қылмыс. Иттерді жауыздықпен аулап өлтірген. Ал бұған мемлекеттен бөлінген қаражат кімнің қалтасына кетіп жатқаны белгісіз.
"Жақында ғана Талғар жанындағы бактан 100-ден астам иттің қалдығы салынған қаптар табылды. Мұндай жағдай Еңбекшіқазақта да болды. 2020, 2021 жылы да осы проблеманы айтып дабыл қақтым. Етті қайда жіберіп жатқанын құқық қорғау органдары анықтауы керек. Облыс басшылығы біледі, бірақ құқық қорғау органдарына итере салады. Жауыздықпен әрекет ететін ит атушыларды жұмысқа алып отыр, екіншіден бұл бизнеске айналған. Бұл жерде бір емес бірнеше адамның қатысы бар. Мен бұны ресми түрде жария етіп айтамын", - дейді ол.
Полиция бұл іс бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Ал Көлді ауылының әкімі Серік Қалижанұлы ауыл маңындағы ит соятын орынды бірінші рет көргенін айтып отыр. Жағдайды егжей-тегжей тексерген соң қосымша мәлімет береді.
© SputnikАлматы облысында иттерді соятын орын табылды
Алматы облысында иттерді соятын орын табылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Алматы облысында иттерді соятын орын табылды
Жаңалықтар
0