https://sputnik.kz/20220826/almaty-oblysy-zhanar-zhagarmay-avtobustar-27042198.html
Алматы облысында жанар-жағармай тапшылығынан автобустар жүрмей қалды
Алматы облысында жанар-жағармай тапшылығынан автобустар жүрмей қалды
Sputnik Қазақстан
14 мың адам қоғамдық көліксіз қалды – ауыл тұрғындары жұмысқа таксимен баруға мәжбүр 26.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-26T09:22+0500
2022-08-26T09:22+0500
2022-08-26T09:22+0500
өңірлер
алматы облысы
автобус
https://sputnik.kz/img/345/14/3451437_0:138:3151:1910_1920x0_80_0_0_6ba3b09908e456b5662fe31cd941900c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Алматы облысында автобустар Қараой ауылдық округіне қатынауды тоқтатты. Қоғамдық көлік 15 тамыздан бері жүрмейді.Әкімдік жергілікті компания тасымалмен айналысудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. Малахит пен Дорожник саяжайларының тұрғындары қалаға жету үшін автобусты сағаттап күтуге мәжбүр."Біздің округте 20 саяжай қоғамдастығы мен 3 ауыл бар. Қалаға қалай жетуіміз керек? Халықтың сексен пайызы мегаполисте жұмыс істейді. Біз қазір жолдың өзіне күн сайын көп ақша жұмсаймыз", - деп ашуланды Қараой ауылдық округінің тұрғыны Нәзира Жексенбаева.Әкімшілік басшысының айтуынша, бүкіл проблема солярканың жетіспеуінен туындап жатыр. Автобустар осы аптада жолға шығуға тиіс болған, бірақ тасымалдаушы өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны анықталды."Олар өз жұмысын уақытша тоқтатты. Тендер жеңіп алғанда талаптарды орындауға міндеттелген еді, бірақ орындамай отыр. Мен оларға талай рет хабарластым. Аудан мен облыс арқылы хат та жаздым", – дейді Қараой ауылдық округінің әкімі Айдос Тәженов.Жолаушыларды таситын автобустар автопаркте тұр. Ауыл халқы жергілікті шенеуніктерден "Оңай" жолақы қартасын енгізуді талап етіп отыр. Сол кезде олар жолға бұрынғыдай 240 теңге емес, қаладағы сияқты 80 теңге төлейді.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/345/14/3451437_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_2c59843748c85acbd9cffdb343201561.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, автобус
Алматы облысында жанар-жағармай тапшылығынан автобустар жүрмей қалды
14 мың адам қоғамдық көліксіз қалды – ауыл тұрғындары жұмысқа таксимен баруға мәжбүр
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Алматы облысында автобустар Қараой ауылдық округіне қатынауды тоқтатты. Қоғамдық көлік 15 тамыздан бері жүрмейді.
Әкімдік жергілікті компания тасымалмен айналысудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Almaty.tv. Малахит пен Дорожник саяжайларының тұрғындары қалаға жету үшін автобусты сағаттап күтуге мәжбүр.
"Біздің округте 20 саяжай қоғамдастығы мен 3 ауыл бар. Қалаға қалай жетуіміз керек? Халықтың сексен пайызы мегаполисте жұмыс істейді. Біз қазір жолдың өзіне күн сайын көп ақша жұмсаймыз", - деп ашуланды Қараой ауылдық округінің тұрғыны Нәзира Жексенбаева.
Әкімшілік басшысының айтуынша, бүкіл проблема солярканың жетіспеуінен туындап жатыр. Автобустар осы аптада жолға шығуға тиіс болған, бірақ тасымалдаушы өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны анықталды.
"Олар өз жұмысын уақытша тоқтатты. Тендер жеңіп алғанда талаптарды орындауға міндеттелген еді, бірақ орындамай отыр. Мен оларға талай рет хабарластым. Аудан мен облыс арқылы хат та жаздым", – дейді Қараой ауылдық округінің әкімі Айдос Тәженов.
Жолаушыларды таситын автобустар автопаркте тұр. Ауыл халқы жергілікті шенеуніктерден "Оңай" жолақы қартасын енгізуді талап етіп отыр. Сол кезде олар жолға бұрынғыдай 240 теңге емес, қаладағы сияқты 80 теңге төлейді.