https://sputnik.kz/20220825/zhambyl-oblysy-sarbaz-aqsha-27012725.html
Жамбыл облысында өзіне қол салған сарбаз туыстарынан ақша сұраған
Жамбыл облысында өзіне қол салған сарбаз туыстарынан ақша сұраған
Sputnik Қазақстан
Қайтыс болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдескен 25.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-25T08:31+0500
2022-08-25T08:31+0500
2022-08-25T08:31+0500
қоғам
жамбыл облысы
сарбаз
https://sputnik.kz/img/113/23/1132355_0:205:2719:1734_1920x0_80_0_0_d36b81d7d431d5be05a8ce4474c33ca0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы шекара заставасында әскери борышын өтеп жүріп, өзіне өзі қол салды деген сарбазға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Астана тв.Туғандарының айтуынша ол қайтыс болардын бірер күн бұрын туыстары мен достарынан жанұшыра қомақты ақша сұрап хабарласқан. Демек суицид жасауына әскерилер тарапынан қысым болған деп топшылайды. Қара жамылған отбасының айтуынша, бала кезінен көпшіл, еті тірі, ауыздықпен алысқан асауды бағындырып өскен Бекбол өмірге құштар жан болатын.Қайтыс болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдескен. Ұлының дауысындағы өзгерісті байқаған, себебін сұрағанда "ұйқыдан тұрып жатырмын" деп қысқа қайырыпты. "Ақша сұратуына қарағанда ар жағында қысымшылық болған. 17 тамыздан бастап сұрапты. Содан кейін 19 күні осындай жағдай болды. Біреуден 20 мың, біреуден 30 мың сұраған. Соған итермелеп отыр. Осының ашылуын талап етеміз", - дейді марқұмның ағасы Қанат Қожахметов.Олар тергеудің әділ өтіп, өлімге итермелегендердің жазалануын талап етеді. Сарбазды ақтық сапарға шығарып салуға келген әскерилер соңғы кезде қызымен ренжісіп жүрді, өмірімен қош айтысуына сол себеп болуы мүмкін деген болатын. Қаралы жиында төбе көрсетсек бойжеткен мұны елдің алдында жоққа шығарды. Жазба әлеуметтік желіде тарады. Марқұм Бекбол Мираш қатты қорқып жүргенінін жазыпты.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/113/23/1132355_0:0:2719:2039_1920x0_80_0_0_69f80c52bdd522d840f20d74b15a2246.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, сарбаз
Жамбыл облысында өзіне қол салған сарбаз туыстарынан ақша сұраған
Қайтыс болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдескен
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы шекара заставасында әскери борышын өтеп жүріп, өзіне өзі қол салды деген сарбазға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды
Астана тв. Туғандарының айтуынша ол қайтыс болардын бірер күн бұрын туыстары мен достарынан жанұшыра қомақты ақша сұрап хабарласқан.
Демек суицид жасауына әскерилер тарапынан қысым болған деп топшылайды. Қара жамылған отбасының айтуынша, бала кезінен көпшіл, еті тірі, ауыздықпен алысқан асауды бағындырып өскен Бекбол өмірге құштар жан болатын.
Қайтыс болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдескен. Ұлының дауысындағы өзгерісті байқаған, себебін сұрағанда "ұйқыдан тұрып жатырмын" деп қысқа қайырыпты.
"Ақша сұратуына қарағанда ар жағында қысымшылық болған. 17 тамыздан бастап сұрапты. Содан кейін 19 күні осындай жағдай болды. Біреуден 20 мың, біреуден 30 мың сұраған. Соған итермелеп отыр. Осының ашылуын талап етеміз", - дейді марқұмның ағасы Қанат Қожахметов.
Олар тергеудің әділ өтіп, өлімге итермелегендердің жазалануын талап етеді.
Сарбазды ақтық сапарға шығарып салуға келген әскерилер соңғы кезде қызымен ренжісіп жүрді, өмірімен қош айтысуына сол себеп болуы мүмкін деген болатын.
Қаралы жиында төбе көрсетсек бойжеткен мұны елдің алдында жоққа шығарды. Жазба әлеуметтік желіде тарады. Марқұм Бекбол Мираш қатты қорқып жүргенінін жазыпты.