Қоғам

Түркістанда екі жігіт ұйықтап жатқан отбасының үйіне кіріп, атыс шығарды

© Photo : Рixabay/SkitterphotoЧеловек с оружием в руках, иллюстративное фото
Человек с оружием в руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында түнгі уақытта өзгенің тұрғын үйіне кіріп, қарақшылық шабуыл жасаған туыс жігіттердің ұсталғанын жеткізді, деп хабарлайды Polisia.kz .
Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, қарақшылық шабуылдың құрбаны болғаны жөнінде хабарлама түсірген. Анықталғандай, қарақшылар жәбірленушілерді қарумен қорқытып, бой тасалаған.
Үйіне белгісіз екі ер адам кірген. Осы сәтте диван үстінде ұйықтап жатқан үй иесі оянып кетіп, сезіктілерден кім екенін сұрай бастайды.
Алайда күдіктінің бірі оның аузын жауып, дауыс шығармауына әрекет етеді. Осы сәтте үй иесінің әйелі оянып кетіп, күйеуіне төніп тұрған күдіктіге жармасады.
Осындай арпалыс кезінде күдіктілердің бірі қолындағы пневматикалық қарумен оқ атып, үйден қашып кетеді. Нәтижесінде үй иесі жарақат алды.
Түнгі сағат 02:00 шамасында шырт ұйқыда жатқан отбасының тыныштығын бұзып, қарумен қылмыс жасаған күдіктілерді ұстауға жедел-тергеу тобы құрылды.
Нәтижесінде жедел уәкілдер күдікті екі ер адамның кім екенін анықтады.
Аталған келестік тұрғындар бір-біріне туыс, жұмыссыз жас жігіттер болып шықты. Олар полиция бөліміне жеткізілді. Тінту кезінде сезіктілерден айғақты зат ретінде пневматикалық қару тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу барысында орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.
Жаңалықтар
0