Қоғам

2023 жылғы ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги тенге монеты
Деньги тенге монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2022
Жазылу
Биыл сәуір айынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңгеге дейін көтерілген
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қаржы министрлігі 2023 –2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжатта келесі жылы бекітілетін ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері жарияланды.
Сондай-ақ, заң жобасының 8-бабында жәрдемақылар, әлеуметтiк төлемдер, айыппұлдар, салықтар және басқа да төлемдердi қолдану үшiн минималды есептік көрсеткіштің мөлшері де бар.
Олар:
жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 21 907 теңге;
зейнетақының ең төмен мөлшерi – 53 076 теңге;
айлық есептiк көрсеткiш – 3 450 теңге;
базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге.
Айта кетері, биыл сәуір айынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңгеге дейін көтерілген.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге, зейнетақыны ең төменгі мөлшері – 48 032 теңге, ал ең төмен күнкөрiс деңгейi 37 389 теңгені құрайды. Жалақының ең төменгі мөлшері - 60 000 теңге.
Жаңалықтар
0