TILASHAR коллекциялық монеталары сатылымға шықты

© Photo : Пресс-служба Национального банка Казахстана Коллекционные монеты TILASHAR номиналом 100 тенге
Коллекционные монеты TILASHAR номиналом 100 тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі 26 тамызынан бастап TILASHAR коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлады.
Монеталар Ұлттық банктің kazcoins.nationalbank.kz платформасындағы интернет-дүкен арқылы сатылады.
TILASHAR монеталарының сипаттамасы:
Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған монеталар "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" сериясын жалғастырады.
Тілашар – әр отбасының өмірінде көрініс табатын ерекше оқиғалардың бірі. Бұрын бұл ғұрып бала алғашқы сөздерді айта бастағаннан бастап жасалған. Бүгінгі таңда бұл дәстүр білім алу жолындағы алғашқы қадамды білдіреді.
Монетаның негізгі бетінде (аверсінде), орта тұсында ою-өрнек үстінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, жиегінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазу, төменгі жағында монета номиналын білдіретін сандар орналасқан.
Коллекционные монеты TILASHAR - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2022
TILASHAR монетасы
Монеталардың екіші бетінде (реверсінде) мектеп атрибуты элементтері бар балалар суретінің бейнесі берілген, сонымен бірге, монета жасалған металдың сынамасы мен массасы, соғылған жылы көрсетілген.
Күмістен, мельхиордан және нейзильберден жасалған монеталардың бет жағы мен сырт келбетіндегі бейнелер бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған, мельхиордан жасалған монеталарда интерференциялық құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған.
Жаңалықтар
0