Полицейлер дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені аман алып шықты – видео

© Photo : Рixabay/ThomasWolterӘжетхана, архивтегі фото
Әжетхана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Алматылық полицейлер даладағы дәретхананың шұңқырынан жаңа туған нәрестені аман алып шықты, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияға кәмелетке толмаған қыздың түсік түнгі уақытта тастағаны туралы хабарлама түскен. Оны қаладағы ауруханалардың біріне жатқызған. Түрксіб ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Нұржан Шатунов оқиға орнына барды.
"Ойыма "бала қайда? " деген сұрақ келді. Қыздың анасынан сырттағы дәретханада біраз уақыт болғанын білдім. Дәретхана ішінен қан ізін байқап, ішінде жатқан баланы көрдім. Ол дем алып жатты. Осы кезде тергеу жедел тобы келді, оның құрамында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғазиз Хамасқалиев болды. Біз дәретхананың еденін тез алып тастадық. Әріптесім Ғазиз төмен түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алды. Сол кезде нәресте жылады. Бәріміз мазасыз күйде едік, уайымдадық. Баланы тез арада дәрігерлерге тапсырдық", – дейді Шатунов.
17 жастағы жасөспірімнің анасы қызының жүкті болғанын білмеген. Қазіргі кезде Түрксіб аудандық полиция басқармасы тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Нәресте дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатыр.
"Өз бетінше дем алып жатыр. Бұл жаңалыққа баланы құтқаруға қатысқан барлық әріптесім қатты қуанды. Демек бала өмір сүреді. Ол туғаннан бері өз өмірі үшін күресті. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Бақытты болып өсе берсін. Мен үш ұлдың әкесімін. Сондықтан бұл оқиға мені бей-жай қалдырмады. Біз нәрестенің тағдырын міндетті түрде қадағалаймыз", – дейді Шатунов.
Жаңалықтар
0