Павлодарлық компания он вагон бензинді Тәжікстанға заңсыз алып өтпек болған

© Sputnik / Михаил Мокрушин / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2022
Жазылу
Бұл өңірде осымен екінші рет жанар-жағармай контрабандасы тіркеліп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Павлодар облысы экономикалық тергеу департаментінің басшысы Арман Жүнісов компаниялардың бірі он вагон бензинді жарылуға қарсы жанармай қоспасы түрінде Өзбекстан мен Тәжікстанға алып өтпек болғанын хабарлады.
"Тексеру кезінде вагонға тиелген бензин екені анықталды. Сараптама үшін жанар-жағармайдың қосымша сынамаларын алып, тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз", - деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ведомство басшысы.
Ол осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бұл соңғы уақытта тіркеліп отырған екінші контрабанда.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, тамызда Павлодардан Өзбекстанға 280 тонна АМ-95 бензині тиелген бес вагон-цистернаны алып өтпек болған. Бағасы 90 миллион теңгеге жуық жанар-жағармай декларацияда жарылуға қарсы жанармай қоспасы ретінде көрсетілген.
Жаңалықтар
0