Экономика

Үкімет басшылары Қырғызстанда ортақ газ нарығын қалыптастыру мәселесін талқылайды

© Sputnik / Sputnik / Медиабанкке өтуЗаседание Евразийского межправительственного совета стран ЕАЭС
Заседание Евразийского межправительственного совета стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов 25-26 тамызда Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.
"Сондай-ақ жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрінің Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшыларымен екіжақты келіссөздері жоспарланған", - делінген үкімет басшысының баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Қырғыз елінде өтетін шараға Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің үкімет басшылары, бақылаушы мәртебесі бар мемлекеттер, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы, сондай-ақ шақырылған мемлекеттердің үкімет басшылары қатысады.
Іс-шарада төмендегі мәселелер талқыланады:
Бірлестіктің ортақ газ нарығын қалыптастыру,
өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру,
алкоголь нарығын реттеу,
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру
Сонымен қатар жоғары деңгейдегі бірқатар екіжақты және көпжақты кездесулер күтілуде.
Жаңалықтар
0