ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары ортақ газ нарығын құру мәселесін талқылады

© PhotoЕАЭО елдерінің үкімет басшылары
ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қырғызстанның Шолпаната қаласында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары ортақ газ нарығын құру мен өнеркәсіп кооперациясын талқылады, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Шағын құрамда отырысқа қатысушылар ЕАЭО ортақ газ нарығын қалыптастыру, өнеркәсіп кооперациясы, алкоголь нарығын реттеу және электрондық сауда кезінде салық салу мәселелерін талқылады.
Одан бөлек, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісім жобасы, көлік саласындағы басымдыққа ие инфрақұрылымдық жобалар тізбесі, ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс барысы, сондай-ақ өзара сауда кезінде ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту жөніндегі шаралар қаралды.
Сонымен қатар Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов делегация басшыларымен бірге Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесуге қатысты.
Іс-шараға сонымен қатар Арменияның үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин қатысып жатыр.
Жаңалықтар
0