https://sputnik.kz/20220825/akimdik-qyzmetkerleri-tergeuge-alyndy-27017087.html
Ауылда жарты миллиард теңге ұрланды – әкімдік қызметкерлері тергеуге алынды
Ауылда жарты миллиард теңге ұрланды – әкімдік қызметкерлері тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
Былтыр ауыл ішіндегі 13 шақырым жолды жөндеуге 455 миллион теңге бөлінген болатын 25.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-25T10:44+0500
2022-08-25T10:44+0500
2023-08-09T12:45+0500
қарағанды облысы
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1a/19221872_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_635f871bbb47a0f8ce19fd7be0a500a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында жол жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша әкімдік қызметкерлері тергеуге алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Молодежный кентінің әкім аппаратында істейтін лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Астана" арнасына сілтеме жасап. Былтыр ауыл ішіндегі 13 шақырым жолды жөндеуге 455 миллион теңге бөлінген болатын. Жолды жөндеген, бірақ бір жыл болмай, жөнделген жолдан ештеңе қалмады. Жергілікті тұрғындар да жаңадан төселген жол жүруге жарамайды деп шағымданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірден сотқа дейінге тергеуді бастады. Ал шенеуніктер жолды жобалық-сметалық құжаттама бойынша жөндедік, бәріне еріген қар суы мен жүк көліктері кінәлі деп отыр. Олар қазандыққа отын тасиды екен. Дегенмен жолдың не себепті бұзылатынын тергеушілер анықтайды.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1a/19221872_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_0512eb2d37305544fb462c64b49b34f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, сыбайлас жемқорлық
қарағанды облысы, сыбайлас жемқорлық
Ауылда жарты миллиард теңге ұрланды – әкімдік қызметкерлері тергеуге алынды
10:44 25.08.2022 (жаңартылды: 12:45 09.08.2023) Былтыр ауыл ішіндегі 13 шақырым жолды жөндеуге 455 миллион теңге бөлінген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында жол жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша әкімдік қызметкерлері тергеуге алынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Молодежный кентінің әкім аппаратында істейтін лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Былтыр ауыл ішіндегі 13 шақырым жолды жөндеуге 455 миллион теңге бөлінген болатын. Жолды жөндеген, бірақ бір жыл болмай, жөнделген жолдан ештеңе қалмады. Жергілікті тұрғындар да жаңадан төселген жол жүруге жарамайды деп шағымданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірден сотқа дейінге тергеуді бастады.
Ал шенеуніктер жолды жобалық-сметалық құжаттама бойынша жөндедік, бәріне еріген қар суы мен жүк көліктері кінәлі деп отыр. Олар қазандыққа отын тасиды екен.
"Жобалық-сметалық құжаттар жасалды. Барлық көшеге ортақ құжат болған, бірыңғай стандартпен төселді. Сосын мектептің жанында қар ұстайтын қалқандар бар. Ол жерде қар көп жиналады, ал көктемде еріп, жолдың жиегін шайып кетеді. Соның салдарынан асфальт бұзылады", - дейді Молодежный кенті әкім аппаратының бас маманы Светлана Ионова.
Дегенмен жолдың не себепті бұзылатынын тергеушілер анықтайды.