https://sputnik.kz/20220824/ulttyq-ulan-sarbazynyn-olimine-qatysty-tyn-derek-shyqty-26978540.html
Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысты тың дерек шықты
Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысты тың дерек шықты
Sputnik Қазақстан
Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысты тың дерек шықты 24.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-24T07:38+0500
2022-08-24T07:38+0500
2022-08-24T07:39+0500
ұлттық ұлан
https://sputnik.kz/img/222/92/2229260_0:89:2456:1471_1920x0_80_0_0_d1efba8217bf076d168bb8fd61e3d4d9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Суицид жасаған Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жақында жоғарғы лауазымды қызметке ұсынылған. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев айтты, деп хабарлады КТК.Алматыдағы теңге сарайын күзеткен 21 жастағы Абылай Сабыров өз-өзін тапаншамен басынан атқан.Ұлттық ұлан басшылығының мәліметінше, қатардағы жауынгер стратегиялық маңызы бар нысанды күзетіп тұрған қызметтесін түскі асқа алмастыруға барыпты. Сол уақытта өзінің табельді қаруы "Макаров" тапаншасымен атылып қалған. Марқұм әскери борышын Батыс Қазақстан облысында өтеген. Ал Алматыдағы 36-50 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызметке кіріскеніне жеті айдан асыпты.Қаруды қалай және қашан қолданатынын жақсы білетін Абылайдың өліміне қызметінің еш қатысы жоқ дейді Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы.Оқиғаның мән-жайын тергеу анықтайды деген әскери бөлімдегілер қызметіне адалдық танытқан жігіт жақында жоғарғы лауазымға да ұсынылғанын жеткізді. Алайда Абылай жаңа қызметке сол күйі тағайындалмай өмірімен ерте қош айтысты. Көпбалалы отбасында дүниеге келген марқұм үйдің тұңғышы екен. Оның денесін туыстары бүгін туған жері – Текелі қаласына алып кетті."Сарбаздың қазасы қазір белгілі болғандықтан, әскери қызмет атқарумен байланысты емес. Абылай Сабыров қызметін жақсы өткерді. Оның құжаттары жоғарғы бас қолбасшысына жіберіліп, ол жоғарғы лауазымға тағайындалу керек болатын. Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, мәнжайды тексеріп жатыр. Ал біз өз тарапымыздан, Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз", - дейді Ниязтай Әлкешев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/222/92/2229260_122:0:2333:1658_1920x0_80_0_0_c25f61bad7a0369b89969c8805e928c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық ұлан
Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысты тың дерек шықты
07:38 24.08.2022 (жаңартылды: 07:39 24.08.2022) Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысты тың дерек шықты
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Суицид жасаған Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жақында жоғарғы лауазымды қызметке ұсынылған. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев айтты, деп хабарлады
КТК. Алматыдағы теңге сарайын күзеткен 21 жастағы Абылай Сабыров өз-өзін тапаншамен басынан атқан.
Ұлттық ұлан басшылығының мәліметінше, қатардағы жауынгер стратегиялық маңызы бар нысанды күзетіп тұрған қызметтесін түскі асқа алмастыруға барыпты. Сол уақытта өзінің табельді қаруы "Макаров" тапаншасымен атылып қалған. Марқұм әскери борышын Батыс Қазақстан облысында өтеген. Ал Алматыдағы 36-50 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызметке кіріскеніне жеті айдан асыпты.
Қаруды қалай және қашан қолданатынын жақсы білетін Абылайдың өліміне қызметінің еш қатысы жоқ дейді Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы.
Оқиғаның мән-жайын тергеу анықтайды деген әскери бөлімдегілер қызметіне адалдық танытқан жігіт жақында жоғарғы лауазымға да ұсынылғанын жеткізді. Алайда Абылай жаңа қызметке сол күйі тағайындалмай өмірімен ерте қош айтысты. Көпбалалы отбасында дүниеге келген марқұм үйдің тұңғышы екен. Оның денесін туыстары бүгін туған жері – Текелі қаласына алып кетті.
"Сарбаздың қазасы қазір белгілі болғандықтан, әскери қызмет атқарумен байланысты емес. Абылай Сабыров қызметін жақсы өткерді. Оның құжаттары жоғарғы бас қолбасшысына жіберіліп, ол жоғарғы лауазымға тағайындалу керек болатын. Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, мәнжайды тексеріп жатыр. Ал біз өз тарапымыздан, Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз", - дейді Ниязтай Әлкешев.