Саясат

Тоқаев Әлиевті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанҚасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
Орден екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін берілді
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев "Алтын Қыран" орденімен марапатталды.
"Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Гейдар оглы Алиев "Алтын Қыран" орденімен наградталсын", - делінген жарлық мәтінінде.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетері, "Алтын Қыран" ордені - Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 24 тамыз ресми сапармен Бакуге барды. Бұл Тоқаевтың Қазақстан президенті ретінде Әзербайжанға жасаған алғашқы ресми сапары.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Саясат
Тоқаев Әзербайжан президентіне: мен үшін бұл сапардың мән-маңызы айрықша
Жаңалықтар
0