Қоғам

TasksCat жобасына қатысты тексеріс басталды - қаржы пирамидасының белгілері бар

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, Финансовая пирамида
Монеты, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
Жаңадан келген адамдарды жеңімпаздардың фотосымен қызықтырған
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. TasksCat интернет жобасында қаржы пирамидасының белгілері анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Жобаға сәйкес, тапсырма орындағаны үшін 2500 теңге көлемінде табыс табуға болады. Ал жаңа қатысушыны шақырғаны үшін 5-15 проценттік төлемдер берілуі керек.
Ұйымдастырушылар жобадан 100-1000 проценттік табыс табуға болады деп сендірген. Бірақ бәрін топтамамен сатып алу қажет.
Жаңадан келген адамдарды жеңімпаздардың фотосымен қызықтырған. Суретте олар ұтып алған сыйлықтарын ұстап отыр.
"Мониторинг жүйелері қаржы пирамидасының сайты жұмыс істемейтінін анықтады. Қазіргі кезде сайтты бұғаттау және халықты жинақтарын жоғалту қауіпінен қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді агенттік мамандары.
Ал жобаның Telegram-арналары қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында ақпараттық кітапқа тіркелді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қорытындысын жасайды. Тексерістің нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Жаңалықтар
0