https://sputnik.kz/20220824/subsidiya-fermerler-ishki-naryq-26998931.html
Субсидия алған фермерлер өнімді ішкі нарыққа сатуға міндеттеледі
Субсидия алған фермерлер өнімді ішкі нарыққа сатуға міндеттеледі
Sputnik Қазақстан
Үкімет басшысы түзетулер пакеті шеңберінде өнімнің бір бөлігін ішкі нарықта сату бойынша міндеттемені қарастыру қажет екенін атап өтті 24.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-24T17:00+0500
2022-08-24T17:00+0500
2022-08-24T17:00+0500
экономика
ауыл шаруашылығы
субсидиялар
https://sputnik.kz/img/old/920/77/9207716_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_3b9dcb7bb07815a02cdeb576aac50546.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттен субсидия алатын фермерлерді өнімдерін ішкі нарықта сатуға міндеттеу қажет екенін айтты. Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеевтің айтуынша, қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін реформалау бойынша рәсімдерді оңайлату, қолданыстағы бағыттарды оңтайландыру және субсидиялардың жаңа түрлерін енгізу, инновацияларды пайдалануды ынталандыру және ауылда кооперацияны дамытуды көздейтін жаңа тәсілдер әзірленді. Үкімет басшысы түзетулер пакеті шеңберінде өнімнің бір бөлігін ішкі нарықта сату бойынша міндеттемені қарастыру қажет екенін атап өтті. Отырыс барысында "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС бас директоры Фарид Абитаев тауар өндірушілердің коммерциялық банктерге тәуелділігі мәселесін көтерді, себебі аграршылар несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды автоматты түрде жоғалтуына байланысты қолдаудың жеңілдікті бағдарламаларына ауыса алмайды.Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл мәселені қысқа мерзімде пысықтау тапсырылды."Қазір “Атамекен” ҰКП-мен бірге кәсіпкерлерге қойылатын талаптар қайта қаралып жатыр. Субсидиялау ережелеріне сәйкес, бизнес тап болатын барлық түсініксіздіктер мен қайшылықтарды олардың көмгімен жою бойынша жұмыс жүргізу қажет. Мұны қысқа мерзімде жасау керек", — деді Әлихан Смайылов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/920/77/9207716_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_76cfe3556fb9b5bcc07e01752833a404.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, субсидиялар
ауыл шаруашылығы, субсидиялар
Субсидия алған фермерлер өнімді ішкі нарыққа сатуға міндеттеледі
Үкімет басшысы түзетулер пакеті шеңберінде өнімнің бір бөлігін ішкі нарықта сату бойынша міндеттемені қарастыру қажет екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттен субсидия алатын фермерлерді өнімдерін ішкі нарықта сатуға міндеттеу қажет екенін айтты.
"Біз ауылшаруашылық тауар өндірушілер субсидия алып, барлық өнімдерді экспортқа шығарып жатқанын көріп отырмыз. Яғни, кейбір позициялар бойынша тапшылық байқалады, ал бұл бағаның өсуіне әкеледі. Сондықтан өнімнің бір бөлігі ішкі нарықта сатылуы керек. Мұны өндіріс пен тұтыну көлемінің негізінде анықтау қажет", — деді Әлихан Смайылов отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында.
Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеевтің айтуынша, қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін реформалау бойынша рәсімдерді оңайлату, қолданыстағы бағыттарды оңтайландыру және субсидиялардың жаңа түрлерін енгізу, инновацияларды пайдалануды ынталандыру және ауылда кооперацияны дамытуды көздейтін жаңа тәсілдер әзірленді.
Үкімет басшысы түзетулер пакеті шеңберінде өнімнің бір бөлігін ішкі нарықта сату бойынша міндеттемені қарастыру қажет екенін атап өтті.
Отырыс барысында "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС бас директоры Фарид Абитаев тауар өндірушілердің коммерциялық банктерге тәуелділігі мәселесін көтерді, себебі аграршылар несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды автоматты түрде жоғалтуына байланысты қолдаудың жеңілдікті бағдарламаларына ауыса алмайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл мәселені қысқа мерзімде пысықтау тапсырылды.
"Қазір “Атамекен” ҰКП-мен бірге кәсіпкерлерге қойылатын талаптар қайта қаралып жатыр. Субсидиялау ережелеріне сәйкес, бизнес тап болатын барлық түсініксіздіктер мен қайшылықтарды олардың көмгімен жою бойынша жұмыс жүргізу қажет. Мұны қысқа мерзімде жасау керек", — деді Әлихан Смайылов.