Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы төмендейтінін ескертті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Қазгидромет 25, 26 және 27 тамызға ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа райы ашық және ыстық болады.
Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райының қалыптасуына солтүстік циклонның жырасы себепші болады. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, апта соңына қарай солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.
Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +27+38°С шамасында сақталады, республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы +25+32°С-тан +20+28°С-қа дейін, солтүстігінде +22+27°С-тан +18+23°С-қа дейін төмендейді.
Елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы +18+28°С, оңтүстігінде +28+35°С, оңтүстік-шығысында +20+30°С шамасында болады.
Жаңалықтар
0