https://sputnik.kz/20220824/shyu-elderinin-qorganys-ministrleri-ozbekstanda-alem-qauipsizdiginin-maselelerin-talqylady-27029455.html
ШЫҰ елдерінің қорғаныс министрлері Өзбекстанда әлем қауіпсіздігінің мәселелерін талқылады
ШЫҰ елдерінің қорғаныс министрлері Өзбекстанда әлем қауіпсіздігінің мәселелерін талқылады
Sputnik Қазақстан
ШЫҰ-на мүше сегіз елдің, төрт бақылаушы мемлекеттің және диалог бойынша алты серіктес елдің әскери ведомстволарының басшылары 3,6 миллиард адамның мүддесін... 24.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-24T21:40+0500
2022-08-24T21:40+0500
2022-08-25T16:41+0500
қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/1054/85/10548594_0:428:2763:1982_1920x0_80_0_0_0956d314de0336bded69b8cf37b1d205.jpg
ШЫҰ-на мүше сегіз елдің, төрт бақылаушы мемлекеттің және диалог бойынша алты серіктес елдің әскери ведомстволарының басшылары 3,6 миллиард адамның мүддесін таныстырып отыр. Бұл дүние жүзі халқының жартысына жуықтайды және күні кеше Ташкентте олар негізінен әлемдік тәртіптің болашағынталқылады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Өзбекстан астанасы Ташкентте 24 тамызда ШЫҰ елдері мен бақылаушы мемлекеттердің қорғаныс министрлері бас қосты. Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің әскери делегациялары қатысты. Әскери саладағы ынтымақтастық мәселелері, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіретін мәселелері, соның ішінде Ресей мен Қытайдың шет аймақтарын тұрақсыздандыру және Еуропа мен Азиядағы ахуалға АҚШ-тың қатысы талқыланды.ШЫҰ елдерінің әскери делегациялары 2022-2023 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспары аясында қауіп-қатерлерді бейтараптандыру шараларын ұсынды. Халықаралық қарулы террористік топтардың белсенді әрекеті аясында ШЫҰ елдерінің қорғаныс министрлері әскери басқару органдары мен әскердің өзара іс-қимылын пысықтау үшін "Бейбіт миссия" командалық-штабтық бірлескен оқу-жаттығуының маңыздылығын атап өтті.Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу "Бейбіт миссия-2023" Ресей аумағында өтетінін, ал биылғы күзде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда ҰҚШҰ-ның бірқатар маневрлері өтетінін еске салды.Кездесу аясында екіжақты кездесулер де өтті. Мысалы, Беларусь пен Үндістан қорғаныс министрлері Виктор Хренин мен Раджнат Сингх екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуды талқылады.Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің қауіпсіздігі көп қырлы және ол көптеген саладағы ынтымақтастықты қажет етеді. 23 тамызда Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы қыркүйекте Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитін талқылады.Біраз бұрын Өзбекстан астанасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі өтіп, онда Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев серіктестерге АҚШ-тың аймақтағы әскери оқу-жаттығулары америкалықтарға ең алдымен ықтимал әскери іс-қимыл театрын зерттеу, әлеуетті нысандардың координаттарын нақтылау және жоғары дәлдіктегі қарудың цифрлық карталарын түзету үшін қажет екенін еске салды.Кездесуде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаңа әлемдік қуат орталығы ретіндегі рөлі артып жатқанын атап өтті. Сондықтан қазіргі тұрақсыз халықаралық жағдай аясында әскери саладағы ынтымақтастықты нығайту, ортақ қауіпсіздік мәселелері бойынша үнемі кеңесу маңызды екені айтылды."Ресей Ауғанстанды реттеу бойынша кез келген халықаралық бастамаларды құптайды және сонымен бірге Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, Ресейдің қорғаныс министрлігі Тәжікстан мен Қырғызстандағы өз базаларының әскери әзірлігін, дағдарысқа қарсы әрекет ету күштерін арттырыпжатыр", - деп жазды Хроленко.Ресей Федерациясы әскери қауіпсіздік саласындағы ақпарат алмасу арқылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының жауынгерлік әлеуетін арттыруды ұсынып отыр. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрліктері арасында жедел ақпарат алмасу туралы келісім жобасы дайындалды. РФ қорғаныс министрі бірлескен оқу-жаттығулар тәжірибесінің маңыздылығын, заңсыз қарулы топтарға қарсы күресте озық тәжірибе алмасуды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Әскери шолушының пікірінше, Ресей көпполярлы әлем жаңа жағдайында Еуропадағы тұрақтылықтың құқықтық негіздерін қалыптастыруға айтарлықтай күш салып жатыр. Батыс ресейлік тараптың НАТО-ны шығысқа қарай кеңейтпеу және альянстың соққы қаруын Ресей шекарасына жақын орналастырмау жөніндегі ұстанымын елемей, өзара қауіпсіздік жүйесінен бас тартып жатыр.Сергей Шойгу Ташкентте өткен жиында " Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі тәуелсіз бағыты бүкіл әлемге үлгі" екенін айтты.Әлемдік тәртіптің болашағын айқындауда Азиядағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуеті зор екені сөзсіз. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ұйым үшін басты басымдық болып қала береді. Сондықтан Ташкенттегі кездесудің нәтижелері ұйымның одан әрі дамуына, жауапкершілік саласындағы тұрақтылықты нығайтуға негіз болады. Қыркүйек айында Самарқандта осы сындарлы процес жалғасын табатынына сенім көп.Еске салсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (2001 жылы құрылған) сегіз мемлекет кіреді: Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан. Төрт мемлекет – Беларусь, Ауғанстан, Иран және Моңғолия бақылаушы мәртебесіне ие. Алты мемлекет – Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка ШЫҰ диалогындағы серіктес болып табылады. 2021 жылы Иранды Шанхай ынтымақтасстық ұйымына қабылдау рәсімі басталды.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1054/85/10548594_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_f765b64d5b0ab7c1747fa580565237e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қауіпсіздік
ШЫҰ-на мүше сегіз елдің, төрт бақылаушы мемлекеттің және диалог бойынша алты серіктес елдің әскери ведомстволарының басшылары 3,6 миллиард адамның мүддесін таныстырып отыр. Бұл дүние жүзі халқының жартысына жуықтайды және күні кеше Ташкентте олар негізінен әлемдік тәртіптің болашағынталқылады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Өзбекстан астанасы Ташкентте 24 тамызда ШЫҰ елдері мен бақылаушы мемлекеттердің қорғаныс министрлері бас қосты. Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің әскери делегациялары қатысты. Әскери саладағы ынтымақтастық мәселелері, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіретін мәселелері, соның ішінде Ресей мен Қытайдың шет аймақтарын тұрақсыздандыру және Еуропа мен Азиядағы ахуалға АҚШ-тың қатысы талқыланды.
ШЫҰ елдерінің әскери делегациялары 2022-2023 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспары аясында қауіп-қатерлерді бейтараптандыру шараларын ұсынды. Халықаралық қарулы террористік топтардың белсенді әрекеті аясында ШЫҰ елдерінің қорғаныс министрлері әскери басқару органдары мен әскердің өзара іс-қимылын пысықтау үшін "Бейбіт миссия" командалық-штабтық бірлескен оқу-жаттығуының маңыздылығын атап өтті.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу "Бейбіт миссия-2023" Ресей аумағында өтетінін, ал биылғы күзде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда ҰҚШҰ-ның бірқатар маневрлері өтетінін еске салды.
Кездесу аясында екіжақты кездесулер де өтті. Мысалы, Беларусь пен Үндістан қорғаныс министрлері Виктор Хренин мен Раджнат Сингх екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуды талқылады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің қауіпсіздігі көп қырлы және ол көптеген саладағы ынтымақтастықты қажет етеді. 23 тамызда Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы қыркүйекте Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитін талқылады.
Біраз бұрын Өзбекстан астанасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі өтіп, онда Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев серіктестерге АҚШ-тың аймақтағы әскери оқу-жаттығулары америкалықтарға ең алдымен ықтимал әскери іс-қимыл театрын зерттеу, әлеуетті нысандардың координаттарын нақтылау және жоғары дәлдіктегі қарудың цифрлық карталарын түзету үшін қажет екенін еске салды.
Кездесуде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаңа әлемдік қуат орталығы ретіндегі рөлі артып жатқанын атап өтті. Сондықтан қазіргі тұрақсыз халықаралық жағдай аясында әскери саладағы ынтымақтастықты нығайту, ортақ қауіпсіздік мәселелері бойынша үнемі кеңесу маңызды екені айтылды.
"Ресей Ауғанстанды реттеу бойынша кез келген халықаралық бастамаларды құптайды және сонымен бірге Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, Ресейдің қорғаныс министрлігі Тәжікстан мен Қырғызстандағы өз базаларының әскери әзірлігін, дағдарысқа қарсы әрекет ету күштерін арттырыпжатыр", - деп жазды Хроленко.
Ресей Федерациясы әскери қауіпсіздік саласындағы ақпарат алмасу арқылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының жауынгерлік әлеуетін арттыруды ұсынып отыр. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрліктері арасында жедел ақпарат алмасу туралы келісім жобасы дайындалды. РФ қорғаныс министрі бірлескен оқу-жаттығулар тәжірибесінің маңыздылығын, заңсыз қарулы топтарға қарсы күресте озық тәжірибе алмасуды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Әскери шолушының пікірінше, Ресей көпполярлы әлем жаңа жағдайында Еуропадағы тұрақтылықтың құқықтық негіздерін қалыптастыруға айтарлықтай күш салып жатыр. Батыс ресейлік тараптың НАТО-ны шығысқа қарай кеңейтпеу және альянстың соққы қаруын Ресей шекарасына жақын орналастырмау жөніндегі ұстанымын елемей, өзара қауіпсіздік жүйесінен бас тартып жатыр.
Сергей Шойгу Ташкентте өткен жиында " Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі тәуелсіз бағыты бүкіл әлемге үлгі" екенін айтты.
Әлемдік тәртіптің болашағын айқындауда Азиядағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуеті зор екені сөзсіз. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ұйым үшін басты басымдық болып қала береді. Сондықтан Ташкенттегі кездесудің нәтижелері ұйымның одан әрі дамуына, жауапкершілік саласындағы тұрақтылықты нығайтуға негіз болады. Қыркүйек айында Самарқандта осы сындарлы процес жалғасын табатынына сенім көп.
Еске салсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (2001 жылы құрылған) сегіз мемлекет кіреді: Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан. Төрт мемлекет – Беларусь, Ауғанстан, Иран және Моңғолия бақылаушы мәртебесіне ие. Алты мемлекет – Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка ШЫҰ диалогындағы серіктес болып табылады. 2021 жылы Иранды Шанхай ынтымақтасстық ұйымына қабылдау рәсімі басталды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.