Самара – Шымкент тасжолында екі жолаушы қаза тапты

© Photo : Polisia.kzҚызылорда облысындағы жол апаты
Қызылорда облысындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында жол апатынан екі жолаушы қаза болды, деп хабарлады Polisia.kz.
Өңірдегі полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 23 тамызда сағат 16:00 шамасында "Самара – Шымкент" тасжолында Volkswagen Transporter мен Audi соқтығысқан. Жол апаты Қармақшы ауданындағы Төребай би ауылына жақын жерде болды.
"Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екі автокөліктің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетері, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0