Мәдениет

"Қазақфильм" қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақфильм
Қазақфильм - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
Министрлік отандық кинематографияны дамытуға бағытталған бірқатар міндеттер қойды
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы қызметкерлерінің жалақысы 30 процентке көтеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Министр Дәурен Абаев "Қазақфильм" киностудиясының жұмысымен танысты. Сол жерде студия басшысы Ақан Сатаев 1 қыркүйектен бастап қызметкерлердің еңбекақысы орта есеппен 30 процентке көтерілетінін айтты.
Бұдан басқа, инженерлік желілер мен ғимараттар жаңартылады, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылады. Сондай-ақ, түсірілім павильондарын салу және заманауи жабдықтар сатып алу шаралары қолға алынды.
"Киностудияның барлық инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылатын болады. Біз заманауи киностудия құрғымыз келеді және Орталық Азия өңірінде көшбасшы орынға шығу үшін бар күшімізді саламыз. Бүгінде киноға түсіру жабдығы, жарықтандыру техникасы, серверлік жабдық, деректерді өңдеу орталығы, бейне-дыбыстық монтаждау және анимациялық компьютерлер сатып алынды", - дейді Сатаев.
Ал мәдениет және спорт министрі отандық кинематографияны дамытуға және насихаттауға бағытталған бірқатар міндеттер қойды.
Айта кетері, биыл киностудияның 14 фильмі 7 халықаралық кинофестивальге қатысып, 10-нан астам жүлдеге ие болды.
Жаңалықтар
0