https://sputnik.kz/20220824/politsiya-koshede-tukirgender-26997309.html
Полиция көшеде түкіргендердің фото-видеосын жіберуді сұрады
Полиция көшеде түкіргендердің фото-видеосын жіберуді сұрады
Sputnik Қазақстан
Тәртіп бұзғандарға 15900 теңге айыппұл салынады 24.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-24T16:00+0500
2022-08-24T16:00+0500
2022-08-24T16:00+0500
қоғам
жаңа тәртіп
полиция
https://sputnik.kz/img/1131/75/11317588_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_29f38e5c9cb14d31a991920341c7a88b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Алматы полициясы түкірген адамдардың фото мен видеосын "102" қосымшасы арқылы жіберуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Қазіргі кезде жедел басқару орталығының мамандары бейнебақылау жүйесі арқылы тәртіпті бұзатындарды анықтап, патрульдік полицияға жылдам хабар бере алады. Алайда "102" қосымшасы арқылы фото мен видео қабылдауға да болады. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері "102" қосымшасы арқылы 500-ге жуық хабарлама түскен. Басым бөлігі көше түкірген адамдарды жазалауды сұрайды. Жарты жылдың ішінде осы құқықбұзушылық үшін 5 613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Айта кетері, 434-ші бап (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш (15 900 теңге) мөлшерінде айыппұл салу жазасы қарастырылған. Ал осы әрекет бір жылдың қайталанса, 31 180 теңге төлеуге тура келеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1131/75/11317588_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d7e446d1f725e794ae4be3f2aacb61f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа тәртіп, полиция
Полиция көшеде түкіргендердің фото-видеосын жіберуді сұрады
Тәртіп бұзғандарға 15900 теңге айыппұл салынады
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Алматы полициясы түкірген адамдардың фото мен видеосын "102" қосымшасы арқылы жіберуді сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде жедел басқару орталығының мамандары бейнебақылау жүйесі арқылы тәртіпті бұзатындарды анықтап, патрульдік полицияға жылдам хабар бере алады.
Алайда "102" қосымшасы арқылы фото мен видео қабылдауға да болады.
"Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғамдық орындарды ластау туралы иллюстрацияларды жіберуге шақырамыз. Көрсетілген ресурс арқылы тәулік бойы 20 оператор бейне қоңыраулар, аудио немесе SMS-хабарламаларды қабылдайды. Қабылданған шаралар туралы өтініш авторларына белгіленген мерзімде хабарланады", - дейді депаратмент қызметкерлері.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері "102" қосымшасы арқылы 500-ге жуық хабарлама түскен. Басым бөлігі көше түкірген адамдарды жазалауды сұрайды.
Жарты жылдың ішінде осы құқықбұзушылық үшін 5 613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетері, 434-ші бап (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш (15 900 теңге) мөлшерінде айыппұл салу жазасы қарастырылған. Ал осы әрекет бір жылдың қайталанса, 31 180 теңге төлеуге тура келеді.