Павлодарда қызды кірпішпен ұрып кеткен ер адамға іздеу салынды – видео

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Павлодар қаласының полициясы 20 жастағы қызды кірпішпен ұрған ер адамды іздеуге кірісті, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Қала тұрғыны кіреберісте есікті ашайын деп тұрғанда артынан ер адам жүгіріп келіп, кірпішпен бірнеше рет басынан ұрған. Ер адамның бет-әлпеті анық көрініп тұр. Қыз оны итеріп жіберген. Қылмыскер қашып кетті.
Ресми мәліметке сәйкес, 21 тамызда түнгі сағат 01.10 шамасында Павлодар қаласының тұрғыны танысына қонаққа таксимен келген. Сол кезде белгісіз біреу оны кірпішпен ұрған. Зардап шеккен қыз түстен кейін ауруханаға барды. Оған "миы шайқалған" деген диагноз қойды. Қыз ауруханаға жатудан бас тартты. Ал екі күннен кейін 23 тамызда полицияға арыз түсірген.
Қазіргі кезде бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бұзақының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Полиция видеодағы ер адамды танығандарды 102-ге хабарласуды сұрайды.
Жаңалықтар
0