Павлодарда далаға шығуға ерінетін тұрғынға көршілері шағым түсірді

© Sputnik / Вера КарповаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Павлодарда далаға шығуға ерінген тұрғын қоқысты терезеден лақтырған.
Гагарин көшесінде орналасқан үйдің тұрғындары көшіп келген көршінің іс-әрекетіне қатысты полицияға шағым түсірген, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам терезеден қоқыс лақтырып, тұрғындардың ескертуін елемеген.
"Тәртіп сақшылары шақыртуға келгенде бірінші қабаттың тересі астында қоқыс жатқанын анықтады. Қоқыс тастаған пәтер иесі үйден шығып, қоқысты қоқыс контейнеріне апаруға ерінгенін айтты", - дейді департамент қызметкерлері.
Сондай-ақ Ломов көшесінің тұрғындары аулаға көлік келіп, құрылыс қоқыстарын түсіріп кеткені жайлы айтқан.

Жоғарыда аталған екі жағдайда да заң бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Айта кетері, өңірде 4822 тұрғын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Жаңалықтар
0