Нұр-Сұлтанда негізгі көшелердің бірінде көлік қозғалысы тоқтатылады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан, Қабанбай батыр даңғылы
Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр даңғылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Бүгін астанадағы Қабанбай батыр даңғылының бір учаскесі жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 24 тамызда Нұра-Есіл арнасынан бастап әуежайға апаратын жол айрығына дейінгі учаске жабылады. Жөндеу жұмыстары 27 тамызда аяқталады деген жоспар бар.
Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліске тап болмауы үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
"Осы қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді әкімдік қызметкерлері.
Ал қоғамдық көлік қатынасына жауапты "CTS" компаниясы бірнеше бағдардың өзгергенін хабарлады. Атап айтқанда, 10 мен 314-ші автобустар Рысқұлов көшесіне, одан кейін Мәңгілік елге бұрылады. Содан Қабанбай батыр даңғылына қайтадан түседі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Нұр-Сұлтандағы Қосшығұлұлы көшесі жартылай жабылды
Жаңалықтар
0