Нұр-Сұлтанда емделіп жатқан балаларды ерекше қонақтар таңғалдырды – видео

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде елордадағы ана мен бала ғылыми орталығында түсірілген видео тарады. Ерекше қонақтар шатырдан түсіп, емделіп жатқан балаларға сыйлық жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Видеода Өрмекші адам, Супермен, Бэтмен мен Росомаханың киімін киген жігіттер төбеден түсіп, балалармен терезе арқылы амандасады. Одан кейін ғимараттың ішіне кіреді. Онкология бөлімінде балалар сүйікті кейіпкерлерін көріп қатты қуанды.
Бұл шара "Ана мен бала" ұлттық ғылыми орталығының 15 жылдығына орай ұйымдастырылды.
"Ол идея аяқ астынан келді. Біз көрші ғимаратта терезе жуып жатқан альпинистерді көрдік. Содан танымал кейіпкер болып төбеден түссе, қалай болады екен деген ой келді. Балалардың көңілін көтерейік деп, осы бастаманы қолға алдық. Альпинист жігіттерге көп рақмет. Олар біздің идеямызды бірден қолдады", - деді орталық мамандары Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Жаңалықтар
0