Қоғам

Imanbek жаңа сериалға түсті

© Photo : instagram/imanbekmusicИманбек Зейкенов
Иманбек Зейкенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
Жазылу
Қазақстандық диджей актер ретінде бағын сынады
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Танымал қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов "Зауыт" атты (әзірге жұмыс атауы) жаңа веб-сериалға түсті, деп хабарлайды Salem Social media әлеуметтік желідегі парақшасында.
Беделді Грэмми жүлдесінің иегері негізгі актерлік құрамға кірді.
Иманбекпен бірге веб-сериалда блогерлер Ілияс Көпжасаров пен Хәкім Мукарам ойнайды. Қазіргі уақытта танымал музыкант жобадағы түсірілім жұмыстарын аяқтады.
Сондай-ақ белгілі әртістер Қобыланды Болат пен Аружан Жазылбекова басты рөлдерді сомдайды.
Сериалдың сюжеті бойынша, бай отбасынан шыққан ерке жігіт Олжасты (Қобыланды Болат) Павлодардағы зауытқа қарапайым жұмысшы ретінде жібереді. Ол жерде басты кейіпкер түрлі қиындыққа тап болады, жаңа адамдармен танысады.
Сериалдың түсірілімі 3 тамызда басталды және 22 күнге жалғасады. Релизі биыл күзге жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0