https://sputnik.kz/20220824/biryngay-zhinaqtaushy-zeynetaqy-qory-alayaqtyq-26971402.html
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті. 24.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-24T07:01+0500
2022-08-24T07:01+0500
2022-08-24T07:01+0500
алаяқтық
зейнетақы қоры
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045168_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_40dc5009ba6979b0a374fa0b6bd8dea2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті.Қордың мәліметінше, алаяқтар "БЖЗҚ" АҚ қызметкері болып телефон соғып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банк шотын толтыруды сұрайды.БЖЗҚ қор қызметкерлерінен мұндай қоңырау түспейтінін ескертіп, түскен жағдайда әңгімені тоқтатуды сұрады.БЖЗҚ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңның 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борышы бойынша зейнетақы жинағына тыйым салуға немесе өндіріп алуға рұқсат етілмейтінін еске салды."Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңның 98-бабы 14тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борышын зейнетақы жинағы есебінен өндіріп алуға болмайды."Осылайша, сот орындаушы немесе кез келген үшінші тұлға сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинағынан қаржы өндіре алмайды. Сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды!", - дейді мамандар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045168_84:0:1221:853_1920x0_80_0_0_c0229d34e4b4a75479e6f39cc358c416.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, зейнетақы қоры
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті.
Қордың мәліметінше, алаяқтар "БЖЗҚ" АҚ қызметкері болып телефон соғып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банк шотын толтыруды сұрайды.
"Қоңырау шалушылардың айтуынша, зейнетақы шоты сот ісін жүргізуге өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады екен. Егер ақша аударудан бас тартсаң, зейнетақы шоты бұғатталып қалатын көрінеді", - делінген хабарламада.
БЖЗҚ қор қызметкерлерінен мұндай қоңырау түспейтінін ескертіп, түскен жағдайда әңгімені тоқтатуды сұрады.
БЖЗҚ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңның 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борышы бойынша зейнетақы жинағына тыйым салуға немесе өндіріп алуға рұқсат етілмейтінін еске салды.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңның 98-бабы 14тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борышын зейнетақы жинағы есебінен өндіріп алуға болмайды.
"Осылайша, сот орындаушы немесе кез келген үшінші тұлға сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинағынан қаржы өндіре алмайды. Сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды!", - дейді мамандар.