Президенттің Бакуге ресми сапары аясында қандай құжаттарға қол қойылды
© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Алиев кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді
© Photo
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Қазақстан Республикасы және Әзербайжан Республикасы арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық өзара іс-қимылды тереңдету туралы Декларацияға және Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы 2022-2026 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаға қол қойды.
Сондай-ақ мына құжаттарға қол қойылды:
Қазақстан үкіметі мен Әзербайжан үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтамақтастық туралы келісім;
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі және Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2024 жж. арналған Ынтымақтастық жоспары;
Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі мен Әзербайжан мәдениет министрлігі арасындағы мәдени ынтымақтастық жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған бағдарлама;
Түркістан қаласы мен Шуша қаласы арасында бауырлас қарым-қатынастарды орнату туралы хаттама;
Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әзербайжанның Медианы дамыту агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
Қазақстанның мндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы транзиттік жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум.