https://sputnik.kz/20220823/ukraina-elshisinin-malimdemesin-zhonsiz-dep-sanaymyz--qazaqstan-khalqy-assambleyasy-26962333.html
Украина елшісінің мәлімдемесін жөнсіз деп санаймыз – Қазақстан халқы Ассамблеясы
Украина елшісінің мәлімдемесін жөнсіз деп санаймыз – Қазақстан халқы Ассамблеясы
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстан халқы Ассамблеясы Украинаның республикадағы елшісі Петр Врублевскийдің желіде жарияланған мәлімдемесіне қатысты үндеу... 23.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-23T15:11+0500
2022-08-23T15:11+0500
2022-08-23T15:12+0500
елші
украина
https://sputnik.kz/img/168/50/1685078_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_9f342b972ba5aabf98b8cf5f188b13ab.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстан халқы Ассамблеясы Украинаның республикадағы елшісі Петр Врублевскийдің желіде жарияланған мәлімдемесіне қатысты үндеу жариялады."Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі Петр Врублевский мырзаның қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздеріне үзілді-кесілді қарсымыз және жөнсіз деп санаймыз", - деп жазылған үндеуде.Дипломатия өшпенділік пен араздық тудырмай, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеалдарына қызмет етуі керек."Қазақстанның біртұтас көпұлтты халқы үшін достық, өзара көмек және бейбітшілік ұстанымдары өзгермейді. Дәл осы ұстаным бізге ұлтаралық қақтығыстарды болдырмауға және Тәуелсіздігіміздің қалыптасуындағы ең қиын кезеңдерде де еліміздің және халқымыздың тұтастығын сақтауға көмектесті", - деп жазылған үндеуде."Өшпенділік бізге жат, этникалық араздықты кез келген көріністе насихаттауға жол берілмейді. Біз барша қазақстандықты араздық пен сенімсіздік тудыратын арандатушылыққа ермеуге, керісінше, балаларымыздың бүгіні мен болашағы үшін елдегі бейбітшілікті қорғауға және халықтың бірлігін нығайтуға шақырамыз", - деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/168/50/1685078_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_6eb19f445ed6d50e82721845218e1da1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елші, украина
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстан халқы Ассамблеясы Украинаның республикадағы елшісі Петр Врублевскийдің желіде жарияланған мәлімдемесіне қатысты үндеу жариялады.
"Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі Петр Врублевский мырзаның қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздеріне үзілді-кесілді қарсымыз және жөнсіз деп санаймыз", - деп жазылған үндеуде.
"Бейбітшілік пен бірлік мемлекеттік саясат пен қоғамды топтастырудың басты қағидалары болып саналатын біздің елімізде кім айтқанына қарамастан, мұндай мәлімдемелерге жол жоқ және қабылданбайды", - деп атап өтті Ассамблеядағылар.
Дипломатия өшпенділік пен араздық тудырмай, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеалдарына қызмет етуі керек.
"Қазақстанның біртұтас көпұлтты халқы үшін достық, өзара көмек және бейбітшілік ұстанымдары өзгермейді. Дәл осы ұстаным бізге ұлтаралық қақтығыстарды болдырмауға және Тәуелсіздігіміздің қалыптасуындағы ең қиын кезеңдерде де еліміздің және халқымыздың тұтастығын сақтауға көмектесті", - деп жазылған үндеуде.
"Өшпенділік бізге жат, этникалық араздықты кез келген көріністе насихаттауға жол берілмейді. Біз барша қазақстандықты араздық пен сенімсіздік тудыратын арандатушылыққа ермеуге, керісінше, балаларымыздың бүгіні мен болашағы үшін елдегі бейбітшілікті қорғауға және халықтың бірлігін нығайтуға шақырамыз", - деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы.