https://sputnik.kz/20220823/tarazda-politsiyany-aldamaq-bolgan-zhurgizushinin-qulygy-ashkerelendi-26970744.html
Таразда полицияны алдамақ болған жүргізушінің қулығы әшкереленді
Таразда полицияны алдамақ болған жүргізушінің қулығы әшкереленді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Тараз қаласында жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі полицияны алдамақ болған. Бірақ оның қулығы жүзеге аспады, кінәсі... 23.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-23T17:59+0500
2022-08-23T17:59+0500
2022-08-23T18:40+0500
тараз
полиция
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Тараз қаласында жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі полицияны алдамақ болған. Бірақ оның қулығы жүзеге аспады, кінәсі қызметтік көліктегі бейнебақылау камерасы арқылы дәлелденді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Патрульдік полиция түнгі рейд кезінде жол ережесін бұзған "ВАЗ-2114" маркалы көлікті тоқтатқан. Рөлде ешкім болмай шықты. Ал жолаушылар орындығында ақ жейде киген жас жігіт отырған. Ол жүргізушінің қайда кеткенін білмеймін деп, полиция қызметкерлерін алдамақ болған.Ал бейнебақылау камерасынан жүргізушінің жолаушы орындығына аттап өткені көрініп тұр. Осылайша жас жігіттің қулығы әшкереленді. Полицейлер оның көлікті мас болып жүргізгенін де анықтады.Көлік жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша жауапқа тартылды. Сот оны 15 тәулікке қамауға алуға шешім шығарды.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, полиция
Таразда полицияны алдамақ болған жүргізушінің қулығы әшкереленді
17:59 23.08.2022 (жаңартылды: 18:40 23.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Тараз қаласында жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі полицияны алдамақ болған. Бірақ оның қулығы жүзеге аспады, кінәсі қызметтік көліктегі бейнебақылау
камерасы арқылы дәлелденді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Патрульдік полиция түнгі рейд кезінде жол ережесін бұзған "ВАЗ-2114" маркалы көлікті тоқтатқан. Рөлде ешкім болмай шықты. Ал жолаушылар орындығында ақ жейде киген жас жігіт отырған. Ол жүргізушінің қайда кеткенін білмеймін деп, полиция қызметкерлерін алдамақ болған.
Ал бейнебақылау камерасынан жүргізушінің жолаушы орындығына аттап өткені
көрініп тұр. Осылайша жас жігіттің қулығы әшкереленді. Полицейлер оның көлікті мас болып жүргізгенін де анықтады.
Көлік жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша жауапқа тартылды. Сот оны 15 тәулікке қамауға алуға шешім шығарды.