https://sputnik.kz/20220823/soltustik-qazaqstan-kolderindegi-balyqtyn-qyrylu-sebebi-anyqtaldy-26967368.html
Солтүстік Қазақстан көлдеріндегі балықтың қырылу себебі анықталды
Солтүстік Қазақстан көлдеріндегі балықтың қырылу себебі анықталды
Sputnik Қазақстан
Шілде айында Соленое көлінде (Айтуар) 400 килограмм мөңке, тұқы және пелядь балығы қырылып қалды 23.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-23T21:50+0500
2022-08-23T21:50+0500
2022-08-23T21:50+0500
балық
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/1374/08/13740877_0:75:1280:795_1920x0_80_0_0_f23ed2c4011788fc5e987d3216b4fcc9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі көлдегі балықтың қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Еске сала кетейік, шілде айының соңында Жамбыл ауданындағы Соленое көлінде 400 килограмм балық (пелядь, тұқы, мөңке) қырылды. Дәл осы уақытта сол аудандағы Табунное көлінде де балық қырылды. Мамандар зертханалық талдау жүргізу үшін су сынамасын, сондай-ақ балықтардың өлексесін алды.Сейсенбі күні облыстық экология департаменті балықтың қырылу себебін атады."Жамбыл ауданының Табунное көлі мен Соленое көлінде балықтың қырылу фактісі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша мынандай шешім қабылданды. Табунное көліндегі балықтың жартылай қырылуына қоршаған ортаның жоғары температурасы және су қоймасының қатты ысуы себеп болды. Ал Соленое көлінде балық өсімдіктердің шіру процесінен және суда күкіртті сутегінің болуына байланысты қырылған", - деп хабарлады ведомство мамандары.Балық шаруашылығы су айдындарын жалға алушыларға суаттардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу, су қоймасының гидрохимиялық режимін жақсарту үшін артық өсімдіктерді кесу және аэрациялау бойынша мелиорациялық жұмыстарды жүргізу ұсынылды.Еске сала кетейік, биыл көктемде өңірдегі жеті су қоймасында балық қырылып, 800 килограмм өлі балық жиналды. Ол кезде балықтың қырылуына су қоймаларының жартылай қатуы себеп болды.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1374/08/13740877_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_c866c48afa5715090795799bb299b62e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық, солтүстік қазақстан облысы
балық, солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан көлдеріндегі балықтың қырылу себебі анықталды
Шілде айында Соленое көлінде (Айтуар) 400 килограмм мөңке, тұқы және пелядь балығы қырылып қалды
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі көлдегі балықтың қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еске сала кетейік, шілде айының соңында Жамбыл ауданындағы Соленое көлінде 400 килограмм балық (пелядь, тұқы, мөңке) қырылды. Дәл осы уақытта сол аудандағы Табунное көлінде де балық қырылды. Мамандар зертханалық талдау жүргізу үшін су сынамасын, сондай-ақ балықтардың өлексесін алды.
Сейсенбі күні облыстық экология департаменті балықтың қырылу себебін атады.
"Жамбыл ауданының Табунное көлі мен Соленое көлінде балықтың қырылу фактісі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша мынандай шешім қабылданды. Табунное көліндегі балықтың жартылай қырылуына қоршаған ортаның жоғары температурасы және су қоймасының қатты ысуы себеп болды. Ал Соленое көлінде балық өсімдіктердің шіру процесінен және суда күкіртті сутегінің болуына байланысты қырылған", - деп хабарлады ведомство мамандары.
Балық шаруашылығы су айдындарын жалға алушыларға суаттардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу, су қоймасының гидрохимиялық режимін жақсарту үшін артық өсімдіктерді кесу және аэрациялау бойынша мелиорациялық жұмыстарды жүргізу ұсынылды.
Еске сала кетейік, биыл көктемде өңірдегі жеті су қоймасында балық қырылып, 800 килограмм өлі балық жиналды. Ол кезде балықтың қырылуына су қоймаларының жартылай қатуы себеп болды.