Қоғам

Шығыс Қазақстанда өгей әкенің қылмысы бес жылдан кейін ашылды

© Sputnik / Табылды Кадырбековархивное фото
архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ер адам өгей қызын бес жыл бойы зорлады. Ал әйелін есінен танғанша ұрып жүрген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Осы жолы басбұзар әйелін тағы соққыға жықты. Оны ауруханаға алып кетті. Сол кезде 13 жастағы жасөспірім өгей әкесінен көрген қорлығын әжесі мен тәтесінен айтып берді.
"Сол кезде қызым әжесі мен тәтесіне 8 жастан бастап 5 жыл бойы өгей әкесінің азғындық жасағанын, сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттеріне дейін барғанын айтты. Ал біреуге бірдеңе десе, мені және оны жазалаймын деді. Сөйтіп, қорқытып тастады. Содан қызым үндемей жүрген", - дейді жасөспірмінің анасы.
Оның айтуынша, қызы өз-өзіне қол салуға тырысқан. Туған-туыстары полицияға арыз түсірді. Жасөспірім бәрін тәптіштеп айтып берді. Алайда күдікті әлі ұсталған жоқ.
"Оны күдікті ретінде жауапқа тартқан да жоқ. Маған және қызыма қарап күледі, ештеңе дәлелдей алмайсыңдар дейді, таныстарым бар деп, қорқытып қояды", - дейді келіншек.
Отбасының қорғаушысы Айман Омарова алдымен сараптама нәтижесі шығуы керек дейді. Соның негізінде күдіктің кінәсі дәлелденеді.
"Медициналық сараптама кезінде бір дәлел шығуы керек. Бұдан басқа сараптамалар да бар. Сосын жәбірленуші тарапқа және адвокатқа ақша ұсыну сияқты дәлелдер болады. Олар осы істі тоқтатуға тырысып жатыр", - деп атап көрсетті Омарова.
Полиция тергеу шараларының басталғанын хабарлады.
Әзірше, өгей әкені ұстауға негіз жоқ. Ал жасөспірімнің туған-туыстары бас прокуратура қылмыстық істі бақылауға алуы қажет деп санайды
Жаңалықтар
0